Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Экономист: Жанар-жағар май бағасы тағы өсуі мүмкін

Опубликовано:

Бензин41
Көрнекі фото: pixabay.com

Астана арнасына сұхбат берген экономист Сергей Смирнов елімізде жанар-жағар май бағасы тағы өсуі мүмкін екенін айтты.

Қазақстанда жыл басынан бері жоғары сұранысқа ие, АИ-92 маркалы бензин бағасы шамамен 20 теңгеге өскен.

Мәселен жыл басында оның литрі 150 теңге болса, қазір бас қалада 170 теңгенің үстінде. Алматыда 168, ал Ақтауда 172 теңгеден сатылып жатыр. Мұнай астанасы - Атыраудың өзінде 200 теңгеге жуықтаған.

Экономист Сергей Смирновтың пайымынша, бензин бағасының өсуіне бірнеше себеп бар. Соның бірі ірі компаниялардың өзара уағдаласып алуы болуы мүмкін. Оның сөзінше, баға өспесе, кемімейді.

"Нарықта негізінен 5 үлкен компания. Олар бағаға қатысты өзара уағдаласып алу мүмкін. Тағы бір себеп – теңгенің құлдырауы. Мұнай өңдеу зауыттары қажетті техниканы шетелден алады. Теңге әлсіз болған соң олар үшін қымбатқа түседі. Ал 2025 жылы Еуразиялық экономикалық одақта бірыңғай энергетикалық нарық қалыптасады. Біздегі АИ-92 - 170 теңге болса, Ресейде 250 теңге. Ортақ баға болу үшін, қымбатына теңестірген пайдалы", - дейді ол.

Ал елімізде бензин бағасының қымбаттауын энергетика министрлігі импортқа тәуелділікпен, мұнай өңдеу зауыттарындағы жоспарлы жөндеу жұмыстарымен және техникалық апат салдарымен байланыстырып отыр.

Авторы: Ә. Өмірзақ

Еске сала кетсек, бұған дейін сарапшылар Қазақстанда бензин бағасының не себепті өскенін түсіндірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907992-ekonomist-zanar-zagar-mai-bagasy-tagy-osui-mumkin/

pixel