Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда жанармай құю бекеттері жабылып жатыр

Опубликовано:

Бензин құю бекеті1
Көрнекі фото: pixabay.com

Оралда жанармай құю бекеттері жабылып жатыр. Бүгінде өңірдегі жекелеген май құю бекеттері бензин сатуды мүлдем тоқтатқан. Ал облыстың шалғай аудандарында АИ-92 маркалы бензиннің бағасы 200 теңгеге жеткен деп хабарлайды Астана арнасы.

Қазір Оралда жұмысын тоқтатқан жанармай бекеттерінің саны көбейген. Бензинді ірі стансалар ғана сатып жатыр. Сатушылар азайған соң, баға да қымбаттапты. АИ-92 маркалы бензиннің литрі 160-175 теңге аралығында. Ал облыстң шалғай аудандарында, литрі 200 теңгеге бір-ақ жеткен.

"Бензиннің қымбаттағаны ештеңе емес, кейбір заправкаларда жоқ, "талонмен" деп солай жазып қойыпты. Енді қазір көктем уақыты, ауыл шаруашылығы жұмыстары бар, саяжайлар бар. Қазір нағыз соған керек бензин", - дейді Орал қаласының тұрғыны Манарбек Кушалиев.

Тағы бір жергілікті тұрғынның айтуынша, бір апта бұрын қаладағы май құю бекеттерінің бірі бағаны көтергені сол еді, қалғандары да бағаны көтере бастаған.

"Тіпті бензин азайып, тапшы бола бастады. Жалпы, біздің экономикамыз қызық. Мұнай қымбаттаса, бензин де қымбаттайды. Бірақ мұнай арзандаса, бензин сол қымбат бағамен сатыла береді", - дейді тұрғын Роман Копняев.

Өңірге қажетті жанармай осыған дейін көршілес Атырау мен Ресейден жеткізілетін. Көрші облыстағы зауыт жөндеу жұмыстарына жабылғасын, бензиннің азайғанын жергілікті шенеуніктер де мойындап отыр.

"Энергетика министрлігінің хабарлауы бойынша, Атыраудағы зауыт 24 сәуірде жұмыстарын бітіреді екен. Қазіргі уақытта көлемдер Шымкент зауытынан әкелінуде. Бұл енді өзара бағаның қымбаттауына әкеліп отыр. АЗС-тар бар жабық. Ол қалада. Қалада жабықтар бар, ауылда да жабылып жатқандар бар. Көлемдері жоқ", - дейді БҚО ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары Бейімбет Мсуин.

Сала өкілдері Атыраудағы мұнай өңдеу зауыты іске қосылғасын, жағдай реттелер деген үмітте.

Авторы: Е. Карин

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907996-oralda-zanarmai-quyu-beketteri-zabylyp-zatyr/