Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қызыл" аймақтағы әуежайлар мен вокзалдарға шығарып салушылар кіргізілмейді

Опубликовано:

Әуежай
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы шықты. Құжат көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайтында жарияланды.

Жаңа ережеге сәйкес, енді коронавирусты жұқтыру деңгейі жоғары ("қызыл" аймақтағы) өңірлерде шығарып салушылар мен күтіп алушыларға әуежайға және теміржол вокзалдарына кіруге тыйым салынады.

Қаулы 14 сәуірден бастап күшіне енді.

15 сәуірдегі жағдай бойынша "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары тұр.

"Сары" аймақта Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары орналасқан.

Қостанай және Түркістан облыстары "жасыл" аймақта.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 2641 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды. Олардың дені Алматы қаласынан.

Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 278 695-ге жетіп отыр.

Сонымен қатар, өткен тәулікте 2002 адам індеттен жазылған.

Қазір елімізде 36 436 адам короновирустан емделуде, олардың ішінде 12 451 пациент стационарда, 23 985 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

591 адамның жағдайы ауыр, 172 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 127 науқас өкпенді жасанды желдету аппаратында жатыр.

Ал COVID-19 белгілері бар пневмониямен ауырғандарға келсек, 13 сәуірдегі мәлімет бойынша 85 адамға аталмыш диагноз қойылған, 5 жағдай өліммен аяқталған. 84 адам жазылып шыққан.

Жалпы 2020 жылдың 1 тамызынан бастап COVID-19 белгілері бар пневмониямен 51 624 адам ауырып, 741 науқас қайтыс болған. 50 388 адам жазылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908073-qyzyl-aimaqtagy-auezailar-men-vokzaldarga-sygaryp-salusylar-kirgizilmeidi/

pixel