Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде жұмысы тоқтаған шошқа фермасында 400-ге жуық адам жұмыссыз қалды

Опубликовано:

актобе
Фото: diapazon.kz

Ақтөбе облысы Бестамақ ауылындағы шошқа фермасының жұмысы тоқтағалы бері, оның 400-ге жуық қызметкері жұмыссыз қалды. Осы орайда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусінова оларға қандай жұмыс ұсынылатынын айтты деп хабарлайды Azattyq-ruhy.

Басылымның мәліметінше, басқарма жұмыссыз қалған азаматтарды басқа мамандыққа баулып, оларды жұмыспен қамтымақ.

Белгілі болғандай бүгінде Алға ауданында бос тұрған 174 вакансия бар. Десе де, басқарма басшысы бос тұрған жұмыс орындарында жалақы көлемі 60 мың теңгені құрайтынын және бұл шошқа фермасындағы жалақыдан анағұрлым аз екенін мойындап отыр.

Сондай-ақ, Бұлбұл Елеусінова құрылысы жүріп жатқан Ақтөбе-Қандыағаш жолында да 80-120 мың теңге көлеміндегі жалақыға жұмыс табылатынын атап өтті. Тіпті, арнайы техника жүргізушілері 200 мың теңгеге дейін жалақы алуы мүмкін.

Сонымен бірге, Бұлбұл Елеусінова фермада ресми түрде жұмыс істеп, қызметінен айырылғандар жәрдемақы ала алатындығын айта кетті.

"ЖШС әкімшілігі берген мәлімет бойынша, кешенде ресми түрде еңбек шартымен 152 адам істеген, қалғаны келісімшартсыз жұмыс істеген", - дейді ол.

Жалпы, шошқа фермасында 400-ге жуық адам жұмыс істеп, ондағы жалақының орташа мөлшері 100 мың теңгені құраған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысы Бестамақ ауылындағы шошқа фермасының жұмысы тоқтағаны хабарланған болатын.

Сонымен қатар ферма басшысының үйқамақта отырғаны да белгілі болған еді. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908076-aqtobede-zumysy-toqtagan-sosqa-fermasynda-400-adam-zumyssyz-qaldy/

pixel