Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда мас күйінде анасының мазасын алған ер адам жауапкершілікке тартылды

Жарияланған күні:

Нетрезвый мужчина с бутылкой
Көрнекі фото: pixabay.com

Атыраулық полицейлер бірнеше мәрте мас күйде анасының мазасын алған азаматты жауапкершілікке тартты деп хабарлайды аймақтық полиция департаментіне сілтеме жасап KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Атырауда 62 жастағы әйел өз үйінде мас күйде жанжал шығарған ұлына қатысты шара қолдану үшін 102 пультіне хабарлама қалдырған.

"Хабарлама бойынша полиция қызметкері жәбірленушінің арыз-талабы болмауына байланысты ұлына қорғау нұсқамасын толтырды. Айта кетейік, заңнама бойынша қорғау нұсқамасы бір ай мерзімге беріледі. Ол бойынша бір ай мерзім ішінде жәбірленушіні іздестіру, қудалау, оған бару, онымен ауызша телефон арқылы сөйлесу және өзге де тәсілдермен байланысу, сондай-ақ қасақана денсаулыққа зиян келтіретін, психикалық залал келтіретін әрекеттер жасауға тиым салынады. Алайда арада екі апта өтпей оқиға қайталанып, аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабымен хаттама толтырылды. Жинақталған іс-құжат Атырау қаласының әкімшік мамандандырылған сотына жіберіліп, анасының мазасын алған ұлы үш тәулікке әкімшілік қамаққа алынды", - делінген Атырау полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Полицейлер өңірде жыл басынан бері отбасылық жанжалға қатысты 650-ден астам қорғау нұсқамасы шығарылғанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908078-atyrauda-mas-kuiinde-anasynyn-mazasyn-algan-er-adam-zauapkersilikke-tartyldy/