Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адамның күйзеліске түсіп кеткенін қалай білуге болады

Опубликовано:

Адам
Көрнекі фото: pixabay.com

Ресейлік психолог-дәрігер әрі психотерапевт Евгений Фомин адамның күйзеліске түсіп кеткенін қалай түсінуге болатынын айтты деп хабарлайды Рамблер.

Дәрігердің сөзінше, өз-өзін дұрыс бағаламай немесе өзін төмендететіндер, қоршаған адамдарға үнемі теріс баға беріп, өз болашағына күмәнмен қарайтындар күйзеліске жиі ұшырайды.

Евгений Фоминнің айтуынша, жабырқаңқы жағдайға қарағанда күйзеліс ұзаққа созылады. Мұнымен өз бетінше айналысуға болады, алайда бұл күрделі процесс.

Осы ретте психолог күйзеліске түспес үшін спотпен шұғылданып, ұйқыны реттеп, алкоголь мен басқа да зиянды әдеттерден аулақ болуға кеңес береді.

Еске сала кетсек, психолог Дмитрий Синарев бай болуға қандай әдеттер кедергі келтіретінін айтып берген еді.

"Көп жағдайда жеткілікті өмір сүретін адамдар өзін кедей сезінеді. Себебі олардың үнемі өміріне көңілі толмайды және өзін әрдайым жоғары тұрған адамдармен салыстыра береді", - дейді маман.

Синарев өмірде үнемі бірдеңе жетіспей тұратын "кедей жандардың" бар екенін атап өтті. Оның сөзінше, бақыттың құпиясы қарапайым - қолыңда барды бағалау.

Писхолог одан бөлек, "диванда жатып алып сын айтқанды жақсы көретіндер" туралы да айтты. Маман бұл қатарға тек өзін бағаламайтынын айтып, армандай беретіндерді жатқызады. Синаревтің айтуынша, олар өзін алға жетелеу үшін ешқандай әрекет жасамайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908095-adamnyn-kuizeliske-tusip-ketkenin-qalai-biluge-bolady/

pixel