Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аман Төлеев қазақы аты-жөнінің жеке өмірі мен саяси мансабына қалай әсер еткенін айтты

Опубликовано:

Аман Төлеев
Фото: ngs42.ru

Ресейдің Кемерево облысын 21 жыл басқарған ұлты қазақ губернатор Аман Төлеев отставкаға кеткен соң алғаш рет көлемді сұхбат берді. Осыдан үш жыл бұрын биліктен кеткен саясаткер NGS42.RU басылымымен болған ашық әңгімесінде аты-жөнінің жеке өмірі мен саяси мансабына әсері туралы айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Аман Төлеев журналист сұрақтарына барынша ашық жауап берген. Экс-губернатор сұхбат барысында балалық шағынан естеліктермен бөлісті. Саясаткер қазақы аты-жөнінің жеке өмірі мен саясаттағы мансабына қалай әсер еткенін әңгімелеп берді.

"Мені тұқырту өкінішке қарай, мен ес білмей тұрғанда басталды. Қарындасым мен інімнің келбеті маған мүлде ұқсамайды. Мектепке барғанда-ақ осы нәрседен көресіні көрдім. Сен қаласаң да, қаламасаң да, басқалардан өзгешесің. Әкем де (өгей әкесі - ред.), анам да мені қатты жақсы көрді. Әкем мені өзінің жанына ертіп жүретін. Мен сол кезде ұялатынмын. Небір үлкен апайлар бізге қарап, маған саусағын шошайтып, әкемнен мені "қайдан тауып алдың" деп сұрайтын.

Мен Күмертауда (Башқұртстандағы қала атауы - ред.) өстім. Бұл қарап отырсам, тағдырдың жазуы. Өйткені Кумертау "көмір тауы" деп аударылады. Мен сол жерде үнемі пойыздарға қызыға қарап жүретінмін. Барлығы ұшқыш, теңізші болғысы келсе, мен паравоз машинисі болуды армандадым. Соған тартты да тұрды. Пойыз тоқтап тұрғанда машинистер қолыма ескі-құсқы шүберек ұстатып, дөңгелектердің бандажын сүрткізетін. Сөйтіп жүріп техникумға түсетін уақыт жетті. Өгей әкем мені шақырып алып, аты-жөнімнің тым ұзақ, тілге қиын екенін айтып, оны ауыстыруға көндіріп бақты. Атымды сол қалпы қалдырып (Амангелді Молдагазыевич - ред.), әкемнің атын Иннокентьевичке ауыстыруымды сұрады.

Ата-анам менің тура солай істейтініме сенімді болды. Паспорт столына келдім. Не істерімді білмей біраз отырдым. Менен аты-жөнімді қалай жазатынын сұрады. Сосын куәліктеғы аты-жөнімді қалдыруды өтіндім. Иә ұзақ бола берсін, созылып айтыла берсін. Бірақ толық болсын: Амангелді Молдағазыевич. Үйге келдім, паспортымды көрсеттім. Бәрі таң қалды. Мен сол сәтте неге солай істегенімді білмеймін. Алайда талай жылды артқа тастаған кезде адам тегін, аты-жөнін, ұлтын ауыстырмау керек екен деген ой түйдім. Әйтпегенде сен өз-өзіңді сатып кеттің деген сөз.

Бұл есіміммен не көрмедім! Тіпті бірінші президенттік сайлауда (1991 жылы сәуір - ред.) адамдар менің аты-жөнімді әдейі үш-төрт минутқа созып оқи алмай, содан соң өзі қазақ, көзі қысық деп айғайлаған. «Сен кімсің сонша?», «Қайда барасың?» деп тұқыртты. Және маған қысым көрсеткісі келгендер үнемі менің ұзын атым мен фамилиямды жазады.

Бірақ өзім де сол аты-жөнімді айтуға шорқақ болдым. Оны анама айттым. Маған жұмысқа тұрып, адамдармен сөйлесу керек. Анам маған қысқа ат таңдауға көмектесті. Сондықтан алдыңызда қазір Аман Гумирович отыр", - дейді экс-губернатор сұхбатта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908212-aman-toleev-qazaqy-aty-zoninin-zeke-omiri-men-sayasi-mansabyna-qalai-aser-etkenin-aitty/

pixel