Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның неше өңірі "қызыл" аймақта тұрғаны белгілі болды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті. Оған сәйкес, Шымкент қаласы "қызыл" аймаққа өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

2021 жылдың 16 сәуірдегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары "қызыл" аймақта тұр.

"Сары аймақта" Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары орналасқан.

Ал "жасыл" аймақта Қостанай мен Түркістан облыстары.

Еске сала кетсек, өткен тәулікте Қазақстанда 2656 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Олардың дені Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан.

Осы орайда денсаулық сақтау министрлігі 36 868 адам короновирус инфекциясынан (36 393 КВИ+ және 475 КВИ-) емделіп жатқанын, олардың арасында 12 941 пациент стационарда, 23 927 науқас амбулаториялық деңгейде процедура қабылдап жатқанын хабарлады.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 616 адамның жағдайы ауыр;
  • 168 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 118 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Сонымен қатар, 15 сәуірдегі мәліметтер бойынша, Қазақстанда 71 адам коронавирус пневмониясын жұқтырып, 1 адам көз жұмды.Одан бөлек, аталған дерттен 90 адамның сауығып шыққаны белгілі болды. 2020 жылдың тамызынан бері коронавирус пневмониясын жұқтырғандар саны 51695-ке жетіп, 742 адам қайтыс болды, жазылып шыққандар саны 50478.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908226-koronavirus-qazaqstannyn-nese-oniri-qyzyl-aimaqta-turgany-belgili-boldy/

pixel