jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Алик Шпекбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасы лауазымынан босатылды

Алик Шпекбаев
Алик Шпекбаев. Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алик Шпекбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылды деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымынан босатылды",- делінген хабарламада.

Айта кетейік, Алик Шпекбаев 1957 жылы 4 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Абай ауылында дүниеге келген. 1987 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, 1993 жылы РФ ІІМ Академиясын бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты.

Шпекбаев өзінің еңбек жолын Алматы облысы бойынша Каменка ауылында слесарь болып бастаған.  Қаскелең аудандық ІІБ Каменка ауылдық милиция бөлімінің бастығы, Алматы облысы бойынша ІІБ бастығы қызметтерін атқарған.

2003-2008 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының ішкі істер вице-министрі болды. 

2014-2015 жылдары Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2017 жылдан бері агенттіктің төрағасы болды. 

Кейінірек мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік қызмет істері агенттігі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сынды екі ведомствоға бөлінді.

Алик Шпекбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметіне 2019 жылдың 14 маусымында тағайындалды.

Үйленген, екі ұлы мен қызы бар.

Алик Шпекбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасы лауазымынан босатылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.