Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жаңа төрағасы тағайындалды

Опубликовано:

Фото
Марат Ахметжанов. Фото: inbusiness.kz

Президент жарлығымен Марат Ахметжанов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды деп хабарлайды Ақорда.

"Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымына тағайындалсын", - делінген құжатта.

Айта кетейік, осыған дейін мемлекет басшысының өкімімен Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары лауазымынан босатылған еді.

Сонымен қатар, Алик Шпекбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылған болатын.

Марат Ахметжанов 1964 жылы 22 желтоқсанда Павлодар облысында Баянауыл ауданына қарасты Теңдік ауылында өмірге келген. Евней Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде заңгер мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 1991 жылы Теміртау қаласының прокуратурасында бастады Ал үш жылдан кейін бас прокуратураға ауысты.

  • 1997-1998 жылдары - Қазақстан мемлекеттік тергеу комитеті, кейін ішкі істер министрінің әскери-тергеу департаментінде тергеу басқармасының бастығы;
  • 1998-2001 жылдары - тергеу департаменті директорының орынбасары, Қазақстан сот қаулыларын орындау жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары;
  • 2001-2003 жылдары бас прокуратураның алдын ала тергеу мен зерттеудің заңдылығын қадағалау жөніндегі департаментінің бастығы;
  • 2003-2006 жылдары – Павлодар облысының прокуроры;
  • 2006 – 2019 жылдары – сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры;
  • 2009-2021 жылдары – бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің төрағасы;
  • 2012-2014 жылдары – қаржы полициясы төрағасының орынбасары;
  • 2016 жылдан бері бас прокурордың орынбасары қызметін атқарды.

Марат Мұратұлы "Құрмет" орденімен, "Мінсіз қызметі үшін" және тағы басқа медальдармен марапатталған.

Бұдан бөлек, Ресейдің мемлекеттік "І Петр" және "Адмирал Кузнецов" атындағы медалін алды. Беларусьтің марапатына да ие болды. Шені - генерал-майор, 3-сыныпты әділет кеңесшісі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908239-sybailas-zemqorlyqqa-qarsy-qyzmettin-zana-toragasy-tagaiyndaldy/

pixel