Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда пара алды деп айыпталған шенеунікті сот жауапкершіліктен босатты

Опубликовано:

Серік Қамидолла
Серік Қамидолла. Фото: azh.kz

Атырауда сот облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидолланы қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы шешім шығарды. Алайда шенеунікке айыппұл салынды деп хабарлайды "Ақ Жайық".

25 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлер Қамидолланы парақорлық пен алаяқтық жасады деген күдік бойынша ұстады, бірақ содан кейін іс ҚР ҚК 361-бабымен ("Лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану") қайта сараланды.

Бұл іс күтпеген жерден кең резонанс тудырды – наурыз айының соңында Құлсары және Атырау қаласынан бір топ тұрғындар, олардың дені көп балалы аналар мен мүгедек балалары бар аналар - Қамидоллаға қатысты қылмыстық қудалауды тоқтатуды талап етті .

15 сәуірде Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 361-бабының 1-бөлігімен сотқа берілген Серік Қамидоллаға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Тергеу кезінде Серік Қамидолла айыпппен толық келісіп, дәлелдемелерді дауламаған және сотқа дейінгі тергеп-тексеру жеделдетілген тәртіппен жүргізілген.

Сот талқылауы да қысқартылған тәртіппен жүргізілді, сотталушы  өз кінәсін толық мойындап, шынайы өкінді және өзіне қатысты ҚК-нің 65-бабын қолданып, қылмыстық жауаптылықтан босатуды сұрады.

Сот, сотталушымен онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмысын алғаш рет жасалғанын, оның жеке басын, яғни отбасында мүгедек қызы, жасөспірім үш баласы бар екенін, олардың асыраушысы тек өзі екенін, жәбірленушілердің мүліктік талабы жоқ екенін, тергеу кезінен айыбын мойындап, қылмыстық құқық бұзушылықтың ашылуына ықпал еткенін ескеріп, ҚК-нің 65-бабының 1-бөлігінде көрсетілгендей, сыбайлас жемқорлық қылмысын алғаш рет жасаған жасаған адамды тек қана сот шынайы өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін деген заң талаптарын басшылыққа алып, сотталушы Серік Қамидолланы ҚК-нің 361-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танып, ҚК-нің 65-бабы 1-бөлігінің негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатуды әділ деп санады.

Осылайша, Серік Қамидоллаға 1000 АЕК (2 миллион 917 мың теңге) көлемінде айыппұл салынып, қылмыстық кодексінің 65-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908259-atyrauda-para-aldy-dep-aiyptalgan-seneunikti-sot-zauapkersilikten-bosatty/

pixel