Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Вагонда дәрет сындырған: Қызылорда облысында жолаушы пойыздан түсірілді

Опубликовано:

Пойыз
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Көлік полицейлері "Ақтөбе-Алматы" бағытындағы жолаушылар пойызынан ер адамды түсіріп тастады. Оған жолаушының ерсі қылығы себеп болған деп хабарлайды көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, Түлкібас станциясында қоғамдық тәртіп бұзған 50 жастағы Қызылорда облысының тұрғыны пойыздан түсірілген.

Полицияның мәліметінше, мас күйде болған жолаушы отырған жерінде дәрет сындырып, өзін дөрекі ұстап, басқа жолаушыларды балағаттаған.

Тәртіп бұзушы жолсеріктің ескертуін де елемеген.

Медициналық тексерістің нәтижесінде жолаушының орташа деңгейде мас күйде болғаны анықталған.

Нәтижесінде құқық бұзушыға қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі және 440-бабының 1-бөлігі бойынша, яғни ұсақ бұзақылық және алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келгені үшін бірден екі әкімшілік хаттама толтырған.

Жолаушыға 5 АЕК мөлшерінде, яғни 14,5 мың теңге айыппұл салынған.

"Ұсақ бұзақылық бойынша материал Қызылорда облысы Арал аудандық сотына процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданды", - дейді полициядан.

Еске сала кетсек, бұған дейін "Петропавл–Қызылорда" бағытында қатынайтын жолаушылар пойызының жолсерігі жауапкершілікке тартылғанын хабарлаған едік.

Ол жұмыс орнында алкогольдік ішімдік ішіп, мас күйде өзі-өзіне ие бола алмаған. Сонымен қоймай бейәдеп сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған. Пойыз жолаушыларының да мазасын алған көрінеді.

Ер адамға үш бап бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908342-vagonda-daret-syndyrgan-qyzylorda-oblysynda-zolausy-poiyzdan-tusirildi/

pixel