Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ұсталды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: facebook.com/GenProkRK

Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ұсталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қадағалау орғаны ұсынған ақпаратқа сәйкес, өз араларындағы сыбайлас жемқорлық әрекеттерімен күрес жұмыстары барысында Бас прокуратураның ішкі тергеу департаментінің өкілдері Жамбыл облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдерімен бірге 16 сәуір күні Байзақ аудандық прокуратурасының қызметкерін ұстаған.

"Оған ірі көлемде пара алды деген күдік келтіріліп отыр. Осы іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері қолға алынды. Өзге мәліметтер тергеу жүріп жатқандықтан жарияланбайды",-делінген Бас прокуратура баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908408-zambyl-oblysynda-prokuratura-qyzmetkeri-ustaldy/

pixel