Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзінен 19 жас кіші жігітпен көңіл жарастырған елордалық келіншек сан соғып қалды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті қылмыстық полиция қызметкерлері көңілдесінің жеке заттарын ұрлады деген күдікпен 22 жастағы жігітті ұстады деп хабарлады Polisia.kz.   

Басылым мәліметінше, 13 сәуірде 41 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны полицияға хабарласып, алтын әшекейлер салынған сөмкесі мен музыкалық колонкасы ұрланғанын жеткізген.

Тергеу барысында тәртіп сақшылары әшекейлерді әйелдің қонаққа жиі келіп тұрған сүйіктісі қолды қылғанын анықтады.

Белгілі болғандай, қылмыс орын алған күні күдікті жәбірленушінің үйінде түнеген. Ол таңертең ерте тұрып, әйелдің жеке заттарын алып, кетіп қалған.  

Қолға түскен жігіт өз кінәсін толығымен мойындап отыр.

Ведомство дерегінше, Түркістан облысының тумасы бұған дейін ұрлық жасағаны үшін сотталғаны анықталған.  

Қазіргі уақытта осы іс бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдіктінің Нұр-Сұлтан қаласының аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908411-ozinen-19-zas-kisi-zigitpen-konil-zarastyrgan-elordalyq-kelinsek-san-sogyp-qaldy/

pixel