Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда үш оқушы құрдасына әлімжеттік көрсеткен

Опубликовано:

мектеп 651
Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желіде үш жасөспірімнің бір балаға дөрекілік көрсетіп, оны ұрып тастағанын суреттейтін видео тарады. Бұған қатысты Атырау облыстық полиция департаменті пікір білдірді деп жазады Ақ Жайық.

Кадрдан үш жасөспірімнің бірінің балағат сөз айтып, оқушының бетінен тепкенін, бұған тағы екі баланың қосылғанын көруге болады.

Сонымен қатар, құтылып, қашып бара жатқан баланы үшеуі соңынан қуған. Видео осы тұстан аяқталған.

Белгілі болғандай, бұл оқиға 12 сәуір күні сағат 18.30-да Авангард ықшамауданындағы Атырау облысының дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының аумағында орын алған.

Жәбірленушінің анасы құқық қорғау қызметкерлеріне арызданыпты. Тәртіп сақшылары ұрған балалардың жеке басын анықтады. Олар 2005, 2007 және 2008 жылы туған. жасөспірімдер.

"Аталған факті бойынша Атырау облысы полиция департаменті қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы ("Адамдар тобы ала сөз байласу арқылы жасаған бұзақылық") бойынша тексеру жүргізуде", - деп хабарлады ведомство. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908413-atyrauda-us-oqusy-qurdasyna-alimzettik-korsetken/

pixel