Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақтар көзін үлкейткісі келеді": Дәрігер кімдердің пластикалық отаға жүгінетінін айтты

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: eyes.kz

Соңғы кезде елімізде пластикалық отаға жүгінетіндер саны артып келеді. Олардың қатарында эстетикалық мақсатта, өз еркімен отаға түсетіндер бар. Сонымен қатар, ауыр жол апатынан немесе өзге да қиын жағдайлардан соң пластикалық ота жасатуға мәжбүр болатындар да кездеседі. А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының микрохирург дәрігері Қанат Мұхамедкәрім KAZ.NUR.KZ сайтына сұхбат берді.

"Жыл сайын біздің орталықтағы Реконструктивтік, пластикалық хирургия және микрохирургия бөлімшесінде 800-850 ота жасалады, соның ішінде 500-ге жуығы реконструктивтік ота болса, 350-ге жуығы эстетикалық ота. Яғни, өз қалауымен ота жасайтындардан бөлек, қиын жағдайдан соң дене мүшесін өзгертуге мәжбүр адамдар бар. Яғни, ауыр жол апатынан кейінгі ақаулары, күрделі күйік жарақаттары бар жандарға көмек қолын созамыз. Мұндай науқастар бізде бірінші орында тұрады. Ал эстетикалық ота жасауға көп жағдайда 35-45 жастағы әйелдер жүгінеді. Сәндік мақсатта жасалатын оталардың бағасы оның күрделілігіне қарай белгіленеді", - дейді микрохирург дәрігер.

Фото
Фото: Қанат Базарбекұлының жеке мұрағаты

Сондай-ақ, Қанат Базарбекұлы пластикалық ота жасататын әйелдердің көбіне қай жерін өзгерткісі келетінін де айтты.

"Қазақтар азиаттар санатына жататындықтан, біздегі науқастардың басым көпшілігі көздерінің қабағын өзгерткісі келеді. Сондықтан, блефаропластика отасының саны басым. Алайда, тағы қайталап айтамын, микрохирургиялық мамандырылған бөлімше тек А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургиялық орталықта болғандықтан реконструктивтік-пластикалық оталарға науқастар көп келеді. Әлі есімде, 2013 жылы біздің көмегімізге бір қыз жүгінді. Оның бетінде жарақаты бар еді. Ұзақ уақыттан соң ол жарқат салдарынан ота жасауға мәжбүр болды. Біз оған италиялық мамандармен бірлесе отырып, бет ауыстыру операциясын жасадық. Кейін ол қыз тұрмыс құрып, балалы болды", - дейді дәрігер.

Әрине, республика бойынша микрохирургиялық мамандырылған бөлімше тек А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургиялық орталықта болғандықтан реконструктивтік-пластикалық оталарға науқастар көп келеді.

Фото
Фото: Қанат Базарбекұлының жеке мұрағаты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908461-qazaqtar-kozin-ulkeitkisi-keledi-dariger-kimderdin-plastikalyq-otaga-zuginetinin-aitty/

pixel