Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмолада жүк көлігі жүргізушісімен қоса батпаққа батып кетті: Жантүршігерлік видео көптің зәресін алды

Опубликовано:

Видеодан кадр
Видеодан кадр: newsmakers.kz/Instagram

Әлеуметтік желіде жүк көлігі жүргізушісімен қоса батпаққа батып кеткені бейнеленген видео тарады. Қайғылы жағдай Ақмола облысында орын алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жантүршігерлік видео Instagram әлеуметтік желісіндегі newsmakers.kz тобында жарияланды.

Онда оқиғаның Ақмола облысы Шортанды ауданының маңында орын алғаны жазылған.

Сонымен қатар апат салдарынан жүргізушінің көз жұмғаны, марқұмның сол күні егіз сәбилі болып жатқаны хабарланды.

BAQ.KZ мәліметінше, Шортанды ауданының әкімінің орынбасары Қабдолла Орынбасаров аталған фактінің орын алғанын растаған. Ол көз жұмған жүргізуші 1994 жылы туғанын жеткізді. Есімі Мақсат Данияров. Ал оның сол күні егіз сәбилі болғаны жайлы ақпарат расталған жоқ.

Ақмола облыстық полиция департаменті де аталған оқиғаға қатысты пікір білдірді. 

"Аталған оқиға 16 сәуір күні Шортанды ауданының Бектау ауылының маңында орын алған. Еріген қар суының салдарынан ауыл жолының бір бөлігі шайылып кетті. Жүк көлігінің жүргізушісі зауытқа қарай бет алып, жолда батпаққа батып қалды. Көлікті бульдозер көмегімен шығару кезінде шайылған жолдың салмағымен көлік кабинасы суға кетті. Артынша көліктің өзі де жасанды қоймаға батты. Апат салдарынан көлік жүргізушісі сол жерде көз жұмды. Аталған факт бойынша Қылмыстық Кодекстің 13-бөлімі 156-бабы бойынша "Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908462-aqmolada-zuk-koligi-zurgizusisimen-qosa-batpaqqa-batyp-ketti-zantursigerlik-video-koptin-zaresin-aldy/

pixel