Қазақстан мен Ресей шекарасы маңындағы Көптоғай ауылында не болып жатыр
Жарияланған күні:
Атырау және ресейлік Астрахан облысының шекарасында шекара қоршауларын орнату жұмыстары жүргізілуде деп хабарлайды Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, Құрманғазы ауданының Көптоғай ауылында Қазақстан мен Ресей шекарасында жаңа шекаралық қоршау салу жұмыстары 14 сәуірде басталған.
"Шекара маңындағы Көптоғай ауылының кейбір тұрғындары жүргізіліп жатқан жұмыстарға қанағаттанбайтынын айтып, жағдайды түсіндіруді сұрады. Ал біз 13 сәуірде Көптоғай ауылының тұрғындарына жүргізіліп жатқан жұмыстардың заңдылығы туралы түсіндірме әңгімелер өткізгенбіз. Ол жерде шекара қызметі мен құқық қорғау органдарының өкілдері де болған", – дейді Құманғазы ауданының әкімі Марат Мұрзиев.
Сонымен қатар, шекара қызметінің өкілдері 2013 жылдың мамыр айында №23 және №24 шекара белгілері арасында орнатылған темір қоршаулар Ресей аумағына қарай 10-70 метрге дейін енетінін атап өткен.
Қазіргі уақытта Ресей Федерациясының аумағында орналасқан ұзындығы 1 800 метр қоршауды тұрғызу үшін инженерлік жұмыстар Көптоғай ауылының маңында жүргізіліп жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908491-qazaqstan-men-resei-sekarasy-manyndagy-koptogai-auylynda-ne-bolyp-zatyr/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.