Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада ішімдік ішіп, көліктердің төбесіне секіріп мінген жігіт ұсталды

Опубликовано:

Видео
Видеодан кадр: Нұр-Сұлтан қаласы ПД

Нұр-Сұлтанда ішімдікке сылқия тойып, көліктердің төбесіне секіріп мінген бұзақы ұсталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында жартылай шешінген жігіттердің видеосы көзге түскен.

Анықталғандай, оқиға Петров көшесіндегі үйлердің бірінде сағат 03:30 шамасында болған.

Полицейлердің дерегіне сүйенсек, жігіттер ішімдік ішіп, содан кейін сыртқа шыққан. Олардың бірі мас күйде болып көліктің капотына секіріп, артынша тұрғындардың жақын маңда тұрған көліктерінің үстіне мінген.

Тәртіп бұзғандар анықталып, полицияға жеткізілген.

"Құқық бұзушылар ұсақ бұзақылық үшін, қоғамдық орында алкогольдік мас күйінде болғаны және түнде тыныштықты бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Келтірілген зиянды өтеу үшін автокөлік иелері анықталып жатыр", - дейді Алматы ауданы полиция бөлімінің басшысы Дастан Қалиев.

Тәртіп сақшылары азаматтарға қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың тыныштығын бұзбау керектігін ескертеді.

Еске сала кетсек, бұған дейін елордада мас күйде көлік басқарған жүргізуші көлік тұрағында тұрған 6 көлікке зақым келтіргенін жазған едік.

Полицияның мәліметінше, апат салдарынан ешкім зардап шекпеген. Іс бойынша жүргізушіге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабының 3-бөлігі бойынша іс қозғалған.

Сот үкімі бойынша жүргізуші кінәлі деп танылды. Ол 20 тәулікке қамауға алынады және 7 жыл көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908607-elordada-isimdik-isip-kolikterdin-tobesine-sekirip-mingen-zigit-ustaldy-video/

pixel