Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қауіпті көліктер көбейіп жатыр": Ішкі істер министрлігі дабыл қақты

Опубликовано:

Фото
Фото: NUR.KZ

Қазақстанның ішкі істер министрлігі техникалық ақауы бар көліктердің көбейіп кеткенін мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов ішкі істер министрлігінде өткен онлайн брифингте үш жылдың статистикасы жолда жүрген қауіпті көліктердің көбейіп кеткенін көрсетті деп отыр.

Мәселен, оның сөзінше, 2018 жылы қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін мыңдаған көлік анықталған.

"Оларды техникалық тұрғыда пайдалануға мүлдем тыйым салынған. Соған қарамастан көлік иелері жолға шыққан. Осы тәртіп бұзушылық үшін 80,5 мың адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 2019 жылы олардың саны 100 мыңға жетті. Ал 2020 жылы техникалық ақаулығы бар көлікті жүргізген 120 мың адам ұсталды", - деді Түсіпов.

Ол жол апатына әкеліп соқтыратын тежегіш пен рөлдің техникалық ақаулығы да жиі анықталатынын жасырмады.

Бұдан бөлек, үш жылдың ішінде рұқсатсыз қайта жабдықталған 25 мың көлік ұсталды, дейді Түсіпов.

Сол себепті техникалық ақаулығы бар және қайта жабдықталған көлік құралдарын анықтау шаралары жалғаса бермек.

Ресми мәліметке сәйкес, жыл басынан бері жол апатынан қайтыс болғандардың саны 12 пайызға көбейген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908615-qauipti-kolikter-kobeiip-zatyr-iski-ister-ministrligi-dabyl-qaqty/

pixel