Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жол талғамайтын үш көлікті бір уақытта сүйреген талдықорғандық әйел елді тәнті етті

Опубликовано:

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Zakon.kz

Фитнес жаттықтырушысы болып жұмыс істейтін Талдықорған қаласының тұрғыны Оксана Казначеева жалпы салмағы алты тонна тартатын үш жол талғамайтын көлікті сүйреді деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол басылымға күшін сынап көргісі келгенін мойындады.

"Мен бірге жаттығу жасайтын жігіттерден мұны жасауға бола ма деп сұрадым. Басында бір көлікті сүйрегім келген, соңында үшеуін бір-ақ тартамын деп шешім қабылдадым. Менің салмағым 70 келі, ал үш көлік алты тонна тартады. Алдымен біреуін байқап көрдім, бұл мен ойлағаннан оңай болып шықты. Содан үшеуін тартамыз деп ​​шешім қабылдадық", - деді фитнес жаттықтырушысы.

Оксанаға достары мен таныстары қолдау көрсеткенін жеткізді.

Оның сөзінше, өтіп бара жатқан басқа көлік жүргізушілері әрекетіне таңданыспен қараған.

Айта кетейік, Оксана тоғыз жылдан бері спортпен тұрақты түрде айналысып келеді. Коронавирус пандемиясына дейін ол пауэрлифтингтен республикалық жарыстарына қатысып, 2018 және 2019 жылдары күміс медаль жеңіп алған. Сонымен қатар, жаттықтырушының медициналық білімі де бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908661-zol-talgamaityn-us-kolikti-bir-uaqytta-suiregen-taldyqorgandyq-aiel-eldi-tanti-etti/

pixel