Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Маска жанбайды": Министрлік көптің талқысына түскен видеоға түсініктеме берді

Опубликовано:

Скрин
Скриншот: Stopfake.kz

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық бетпердені өртеп жатқан адамдардың әрекетіне түсініктеме берді деп хабарлайды Stopfake.kz.

Әлеуметтік желіде медициналық масканы өртеп жатқан адамдардың видеосы тарап кетті. Қара теңіздің жағасында отырған әйел бетпердені бұтаққа байлап, отқа тосады. Алайда маска жанбайды.

"Бұл - таза пластик. Осыны бетке киесіздер. Ал пластик шүберек сізді қалай қорғайды? Бұл гигиеналық маска емес, бұл – таза адамзатқа қарсы қару. Олар бізді осы маска арқылы көмірқышқыл және химиялық қалдықтармен дем алуға міндеттейді. Меніңше, адам дем алғанда бетперде қызады, химиялық реакция басталады", - дейді әйел.

Ол өз сөзін Собянинге (Мәскеу мэрі –ред.) арнаған.

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды.

"Біріншіден, бұл видео Қазақстанда емес, Ресейде түсірілген және біздің елге қатысы жоқ. Екіншіден, бізде сатылатын маскалардың сапасы санитарлық талаптарға сәйкес келеді және сапасы жоғары", – делінген министрліктің ресми хабарламасында.

Сондай-ақ, мамандар медициналық масканың жанбай қалғаны және балқып кеткен таңғаларлық жайт емес екенін ерекше атап өтті. Себебі жеке қорғаныс құралдары арнайы материал – спанбондтан жасалады. Бұл - синтетикалық тоқыма емес материал. Спанбонд берік, жоғары және төмен температураға төзімді, суды өткізбейді. Соның арқасында сан алуан инфекциялардан қорғайды.

"Спанбонд улы емес және қауіпсіз. Ол синтетикалық материал болғандықтан, жанған кезде ериді, бірақ зиянды қосылыстар шығармайды", - дейді мамандар.

Бүгінде медициналық бетперделер өндірісінде пластик қолданылмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908667-maska-zanbaidy-ministrlik-koptin-talqysyna-tusken-videoga-tusinikteme-berdi/

pixel