Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық дәрігер карантин шараларын жеңілдетудің жолын айтты

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Асфендияров атындағы медициналық университетінің жалпы иммунология кафедрасының меңгерушісі Эльмира Битанова елдегі карантин шараларын жеңілдетудің жолын айтты деп жазады Sputnik Қазақстан.

Битанова өткен жылдың жазы мен биылғы көктем кезінде Алматыда коронавирустың таралу қарқынын есепке алып, кәмелетке толған әр азамат вакциналаудың маңыздылығы жайлы ой түюі керек екенін айтты.

Израильде халықтың 80 пайызы екпе салдырып, нәтижесінде көшеде бетперде тағып жүруге қатысты талап күшін жойған,

"Израильде ең алдымен 55-60 жастан асқан тұрғындар мен созылмалы ауруы бар азаматтарға екпе салынды", - деді иммунолог.

Эльмира Битанова карантиндік шараларды сақтау және вакцина салдыру арқылы ғана пандемияны жеңуге болатынын алға тартты.

"Бұл екеуі бір-біріне септеседі. Карантин шараларын жеңілдетудің жалғыз жолы – вакциналау. Әрине ол ұжымдық иммунитеттің қалыптасу деңгейіне де байланысты", - деді медицина саласының қызметкері.

Израильде әзірше қоғамдық орындар мен жабық ғимараттарда бетперде тағып жүру міндетті. Алайда бұл елде мектептердегі дәстүрлі оқу жанданды. Сондай-ақ вакциналаудан кейін коронавирус жұқтырғандар санының азаюына байланысты бірқатар жеңілдіктер енгізілді.

Естеріңізге сала кетейік, Елімізде өткен тәулікте 2719 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Олардың 665-і Алматы қаласынан.

Ал ел бойынша коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 289 720-ға жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908675-otandyq-dariger-karantin-saralaryn-zenildetudin-zolyn-aitty/

pixel