Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жаңа ақылы автотұрақтар пайда болады

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

29 сәуірден бастап Алматыда үш ақылы тұрақ жұмыс істей бастайды. Бұл туралы Aparking компаниясы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

29 сәуірден бастап жұмыс істей бастайтын жаңа ақылы автотұрақтар:

  • Тұманбай Молдағалиев көшесінің бойында Ақан Сері мен Стасов көшелерінің аралығында;
  • Станкевич көшесінің бойымен Чернышевский мен Жүсіпбек Аймауытов көшелерінің аралығында;
  • Чернышевский көшесінің бойымен Ақан Серы мен Станкевич көшелерінің аралығында.

Компания ұсынған ақпаратқа сәйкес, автотұрақ саны - 164, мүгедектерге арналған орындар саны - 8.

Жаңа ақылы учаскелер Чернышевский көшесінен Шолохов көшесіне дейінгі Станкевичте қолданыстағы ақылы көшенің жалғасы болмақ.

"Тұманбай Молдағалиев, Станкевич және Чернышевский көшелері экономикалық белсенді ауданда орналасқан. Мұнда сауда орталықтары, мемлекеттік мекемелер мен базарлар бар. Қала басшылығымен талқылаудан кейін бұл жерлерді ақылы ету туралы шешім қабылданды.

Негізгі мақсат - тұрақ орындарының бірнеше есе арттыру және барлық азаматтарға жалпыға ортақ қалалық кеңістікке тең құқықтар беру", - деді Aparking компаниясының баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908679-almatyda-zana-aqyly-avtoturaqtar-paida-bolady/

pixel