Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ashyq қосымшасы: "Қызыл статусы" бар қазақстандықтарды қандай айыппұл күтіп тұр

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте денсаулық сақтау министрлігі басқармасының басшысы көңіл көтеру орнына кірген уақытта Ashyq қосымшасында "қызыл статусы" анықталған қазақстандықтарды қандай айыппұл күтіп тұрғанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Денсаулық сақтау министрлігі басқармасының басшысы Марал Рахымжанова қосымшанның пилоттық режимінде ешқандай шара қолданылмайтынын мәлімдеді.

"Бүгінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. ПТР тесті оң нәтиже көрсеткен адам ешқандай белгісі болмаса да, ауру таратады. Соған байланысты әркімге үй карантині мен оқшаулануды түсіндіретін қағаз беріледі немесе ауруханаға жатқызылады. Заңнамамен әкімшілік кодекстің тұлғаларды айыппұл түрінде жауапкершілікке тарту туралы баптары қарастырылған: 425 - бап бойынша - 25 АЕК (72 925 тг) және 431-бап бойынша-5 АЕК (14 585 тг)",- деді спикер.

Айта кетейік, 425-бапта халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы аясындағы заңнама талаптарының, сондай-ақ гигиеналық нормативтердің бұзылуы жазылған.

АЛ 431-бапта жан-жағындағыларға қауіп төндіретін аурулармен ауыратын адамдардың жұқтыру көзін және олармен қарым-қатынаста болған адамдарды жасыруы қарастырылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908683-ashyq-qosymsasy-qyzyl-statusy-bar-qazaqstandyqtardy-qandai-aiyppul-kutip-tur/

pixel