Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада көшелердің біріне татар ақыны Ғабдолла Тоқайдың есімі берілмек

Опубликовано:

Маска таққан адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Нұр-Сұлтан қаласының көшелерінің біріне татар халқының танымал ақыны Ғабдолла Тоқайдың есімі беріледі. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстан президенті Рустам Миннихановпен кездесу барысында айтты деп хабарлайды Ақорданың ресми айты.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Рустам Миннихановқа Нұр-Сұлтан қаласынан татар халқының көрнекті өкілі, айтулы ақын Ғабдолла Тоқайдың атына бір көше берілетіні жайында айтты. Бұл екі халық арасындағы ынтымақтастықтың жарқын белгісінің бірі болмақ" , - делінген Ақорда хабарламасында.

Айта кетейік, мемлекет басшысы бүгін Татарстан президенті Рустам Миннихановпен кездесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстанмен ынтымақтастық Ресей Федерациясымен арадағы кешенді іс-қимылдардың ішіндегі ең маңыздысы саналатынын атап өтті.

Ол Татарстан президентінің жақында Қарағанды облысына жасаған сапарын жоғары бағалады. Сол сапар кезінде Саран қаласында дөңгелек шығаратын зауыт іске қосылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908712-elordada-koselerdin-birine-tatar-aqyny-gabdolla-toqaidyn-esimi-berilmek/

pixel