Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да мұғалім TikTok түсіргені үшін жұмысынан қуылды

Опубликовано:

Қорап ұстаған әйел
Көрнекі фото: piqsels.com

Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданындағы музыкалық мектептің меңгерушісі TikTok түсіргені үшін жұмысынан босатылды. Оны тіпті, ауырып үйінде жатса да жұмыстан шығарып жіберген деп хабарлайды Астана арнасы.

Билеп жүріп, бір сәтте жұмыссыздардың қатарына қосылған Сандуғаш Бисенғалиева басшысының бұл шешімімен келіспейді.

Айтуынша, бұған директормен арадағы араздық себеп болған.

Телеарнаның мәліметінше, Сандуғаш Бисенғалиева мектеп директоры мен бас есепшінің заңсыз әрекеттерін аңғарыпты. Осылайша құзырлы органдарға арызданған.

Аудиттік тексеру кезінде мектеп басшылығы ақша жымқыруға қатысты күдікке ілінген. Содан кейін директор қыр соңымнан қудалап, қалай да өш алуға тырысты дейді жұмыссыз ұстаз.

"Қаңтарда қалай финполицияға бердік, содан бері сыйғызбай келе жатыр ғой. Анаған байланады, мынаған байланады (...). Менде TikTok деген приватный аккаунт. Өзім оқушыларыммен түсемін. Ән айтамын, бишімін ғой. Бір күнде жұмыстан шығарып тастауы менің 25 жылдық еңбегімді жоққа шығарғаны ғой", – дейді Теректі аудандық музыкалық мектептің бұрынғы меңгерушісі Сандуғаш Бисенғалиева.

Сонымен бірге жұмыссыз қалған мұғалім мектеп директоры TikTok-тағы видеосын көптің талқысына ұсынып, этика әдебінен аттап кеткенін айтады.

Әділдік іздеген Сандуғаш Бисенғалиева Теректі аудандық білім бөлімі мен еңбек инспекциясына шағымданған.

"Мектеп директоры өз қызметкерін жұмыстан шығармастан бұрын, білім бөлімін ескертуі керек. Бірақ ол бұл туралы тіс жармады. Сондықтан директоры қызмет бабын асыра пайдаланды деп санаймын. Әрі адамның жеке видеосын таратуға болмайды. Туындаған дауды заң аясында шешуге тырысамыз", – дейді Теректі аудандық білім бөлімінің меңгерушісі Жанаргүл Құсайынова.

Е. Карин

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908722-bqo-da-mektep-mengerusisi-tiktok-tusirgeni-usin-zumysynan-quyldy/

pixel