Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауылға көшіп барған медицина қызметкерлеріне төленетін көтерме жәрдемақы 10 есеге өседі

Опубликовано:

дәрігер13
Көрнекі фото: pixabay.com

Елімізде ауылға жұмыс істеуге көшіп барған медицина қызметкерлеріне көтерме жәрдемақыны көбейту, сондай-ақ оларды баспанамен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Ауылдық жерлерде денсаулық сақтау саласындағы кадрлық ресурстар қажеттілігін қамтамасыз ету үшін аймақтармен біріге отырып, шаралар қабылдадық. Мысалы, жәрдемақыны 100-ден 1000 АЕК-ке дейін арттыру қарастырылған", – дейді Цой сейсенбідегі үкімет отырысында.

Осылайша, медицина қызметкерлеріне төленетін көтерме жәрдемақының мөлшері 291 700 теңгеден 2 917 000 теңгеге дейін ұлғаймақ (2021 жылғы айлық есептік көрсеткіш негізінде).

Сонымен қатар, ауылға жұмыс істеуге барған медицина қызметкерлерін міндетті түрде тұрғын үймен қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың жалақыларын кезең-кезеңмен 2,5 есеге, яғни экономика бойынша орташа деңгейге дейін ұлғайту жоспарлануда.

Денсаулық сақтау министрлігі осы шаралардың нәтижесінде 2023 жылға қарай ауылдар тәжірибе дәрігерлерімен және өзге медицина мамандарымен 100 пайыз қамтылады деген үмітте.

Министрдің сөзінше, қазір ауылдарда 14 804 штаттық бірлік дәрігерлермен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, салынып жатқан нысандарды ескерсек, кадрлар қажеттілігі 3 104 штаттық бірлікті құрайды.

Еске салсақ, бұған дейін үкіметті онлайн отырсында Алексей Цой қазіргі вакцинацияны ескере отырып, коронавирусқа қатысты жаңа болжамымен бөліскен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908806-auylga-kosip-bargan-medicina-qyzmetkerlerine-tolenetin-koterme-zardemaqy-10-esege-osedi/

pixel