Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

26 сәуірден бастап Түркияға ұшатын рейстер екі есеге қысқарады

Опубликовано:

Ұшақ
Көрнекі фото: piqsels.com

26 сәуірден бастап Түркия мен Қазақстан арасындағы әуе рейстерінің саны 20-дан 9-ға дейін қысқартылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоаралық комиссияның тиісті хаттамасына сәйкес, 26 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы рейстердің жалпы санын аптасына 20-дан 9 рейске дейін қысқарту тапсырылған.

Қысқартылған рейстердің кестесі:

20 сәуірдегі жағдай бойынша, екі ел арасынла 7 бағыт бойынша аптасына 20 рейс орындалады:

  • Нұр-Сұлтан – Стамбул, 2 рейс;
  • Нұр-Сұлтан – Анталя, 1 рейс;
  • Алматы – Стамбул, 7 рейс;
  • Алматы – Анталя, 5 рейс;
  • Түркістан – Стамбул, 2 рейс
  • Ақтау – Стамбул, 1 рейс
  • Шымкент – Стамбул, 2 рейс.

Министрліктің баспасөз қызметі рейстер саны бойынша шектеулер эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін қолданылатынын жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін қазақстандық туроператорлар жақын аралықта Түркияға жаңа тур ұйымдастыруды тоқтата тұру туралы шешім қабылдады. Ал бұған дейін сатылған турлар кейінге ауыспақ.

Қазақстан туроператорлар қауымдастығының президенті Инна Рей турларды сату мамырдың ортасында немесе маусымға жақын қайта басталатынын айтты. Барлығы Түркиядағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады.

"Қазір Түркияда туристік сезон басталатын уақыт кейінге қалды, Анталияға ұшулар тоқтатылды. Вакциналау нәтижесі шыққан соң турларды сату басталады деп сенеміз. Сәуір мен мамырға жоспарланған сапарды кейінге қалдырдық. Біреу саяхат күнін, енді бірі демалатын елді өзгертіп жатыр", – деді Инна Рей.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908810-26-sauirden-bastap-turkiyaga-usatyn-reister-eki-esege-qysqarady/