Маңғыстауда ер адамның көлігінен қызыл кітапқа енген 150 келі балық табылды
Жарияланған күні:
Маңғыстауда қызыл кітапқа енген 150 келі балық тәркіленді деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысында “Бекіре-2021” жедел алдын алу іс-шарасы барысында Қызыл кітапқа енген балықтарды заңсыз аулау фактісі анықталды. Аталған іс-шара облыстың табиғатты қорғау полициясымен, ЖҚАЖ қызметкерлерімен, сондай-ақ Ақтау қаласы ПБ патрульдік полиция батальонымен және Түпқараған ауданының Полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп өткізілді.
Мәселен, Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласында полиция қызметкерлері “УАЗ” автокөлігін тоқтатты. Автомобильді тексеру кезінде полицейлермен жүксалғыштан жалпы салмағы 148 килограмнан асатын бекіре тұқымдас балықтар табылып, тәркіленді.
Автокөлік жүргізушісі – 25 жастағы жергілікті тұрғын. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 339-бабы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Айта кетейік, жақында Атырауда 2021 жылдың алтыншы ақпанында із-түзсіз жоғалған 29 жастағы Наурыз Әйтекешовтің денесі табылған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908873-mangystauda-er-adamnyn-koliginen-qyzyl-kitapqa-engen-150-keli-balyq-tabyldy/