Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда ақпан айында жоғалған ер адамның мәйіті контейнерден табылды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: Ақ Жайық

Атырауда 2021 жылдың алтыншы ақпанында із-түзсіз жоғалған 29 жастағы Наурыз Әйтекешовтің денесі табылды деп хабарлады Atpress.kz.

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес марқұмның денесі 17 сәуірде сағат 13:00 шамасында Атырау-Индер тасжолына жақын маңдағы Талқайран ауылы шаруа қожалығының контейнерінен табылған.

"Марқұмның денесінде жарақат іздері жоқ. Мәйіт қалалық мәйітханаға тапсырылды", - дейді ведомство өкілдері.

Еске сала кетсек, Талқайран ауылының тұрғынының осыдан екі жарым ай бұрын үйінен шығып, қайта оралмағанын хабарлаған едік. Кейінірек оның жалаңаяқ кетіп қалғаны белгілі болды.

Осы уақыт ішінде оны туыстарынан бөлек еріктілер, полиция және шұғыл көмек қызметінің мамандары іздеді.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағы бөлімінің басшысы Самат Құмашев іздеу жұмыстарына МИ-8 тікұшағы қосылғанын да жеткізді. Бұдан басқа, іздестіру иттері де жұмылдырылған.

Наурыз Әйтекешов - отбасындағы 9 баланың төртіншісі. Олар Қарабатаннан көшіп келіп, Талқайраннан үй салып алған.

Бұрын Наурыздың Атырауда жұмыс істегені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1908647-atyrauda-aqpan-aiynda-zogalgan-er-adamnyn-maiiti-konteinerden-tabyldy/

pixel