"Балалар тегін жаттығып жүр": Түркістандық кәсіпкер тойханасын спорт кешеніне айналдырды
Жарияланған күні:
Түркістан облысында карантин кезінде бұрын тойхана бизнесімен айналасатын кәсіпкерлер арасында істерін жаңа бағытқа бұрғандар артты. Сайрам ауданындағы жергілікті кәсіпкері Өмірхан Оразымбетов үшін де бизнестегі бағытын өзгертуге пандемия сеп болды деп жазады Түркістан басылымы.
Басылым мәліметінше, өткен жылы тойхана салған бизнесменнің жаңа ғимараты пандемияға байланысты бос тұрған.
Бүгінде мерекелік кешті өткізуге арналған зал спорт кешеніне айналды.
Қазір "Достық" мектебінде 200 бала спорттың бес түрі бойынша тегін жаттығады.
Мұнда таэквондо, дзюдо, самбо, каратэ және гимнастика үйірмелері жұмыс істейді.
Балаларды сегіз білікті бапкер жаттықтырып, салаутты өмір салтынан баулып жүр.
Кешенніңіші заман талабына сай жасақталған.
Екінші қабатында ересектерге арналған залы жұмыс істейді.
Сайрам ауданының спорт бөлімі мамандарының мәліметінше, салауатты өмір салтын ұстанатын ауыл жастары бос уақытын осында өткізуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908901-balalar-tegin-zattygyp-zur-turkistandyq-kasipker-toixanasyn-sport-kesenine-ainaldyrdy/