Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда өткен тәулікте қанша адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 2696 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 294 946-ға жетіп отыр деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 471,

Алматы қаласы - 667,

Шымкент қаласы - 80,

Ақмола облысы - 92,

Ақтөбе облысы - 125,

Алматы облысы - 281,

Атырау облысы - 114,

Шығыс Қазақстан облысы - 83,

Жамбыл облысы - 58,

Батыс Қазақстан облысы - 231,

Қарағанды облысы - 218,

Қостанай облысы - 32,

Қызылорда облысы - 47,

Маңғыстау облысы - 65,

Павлодар облысы - 47,

Солтүстік Қазақстан облысы - 29,

Түркістан облысы - 56.

Еске сала кетсек, кеше үкіметтің онлайн отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазіргі вакцинацияны ескере отырып, коронавирусқа қатысты жаңа болжамымен бөлісті.

"Оптимистік сценарий бойынша – егер вакцинация кестеге сәйкес жалғасатын болса, бір тәулікте 3 мыңға дейін жұқтырғандар (коронавирус-ред.) тіркеліп, сәуір айының соңында шарықтау шегіне жетеді деп күтілуде. Реалистік сценарий бойынша – бір тәулікте жұқтырғандар 4 мыңға дейін тіркеліп, мамырдың ортасында шарықтау шегіне жетуі мүмкін", – дейді министр.

Соңғы деректерге сүйенсек, "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары тұр.

"Сары" аймақта Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары орналасқан.

Ал Қостанай мен Түркістан облыстары "жасыл" аймақта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908921-qazaqstanda-otken-taulikte-qansa-adamnyn-koronavirus-zuqtyrgany-belgili-boldy/

pixel