Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көлікке салған": Екібастұзда мектеп оқушысын ұрлағандар жайлы ақпарат елдің үрейін тудырды

Опубликовано:

Қыз
Көрнекі фото: www.arnapress.kz

WhatsАpp мессенджері мен Екібастұз Instagram пабликтерінің бірінде көпшіліктің үрейін тудырған аудиохабарлама тарады. Онда қатты қорыққан келіншек мектп оқушысын әлдекімдер ұрлап кетпек болғанын айтқан. Сөзінше, екі жігіт кәмелетке толмаған қызды көлікке салған. Бұл хабарламаға қалалық полиция басқармасы пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Хабарламада Екібастұзда сабақтан үйіне қайтып бара жатқан 12 жастағы мектеп оқушысы жөнінде сөз болады. Онда шабуылшылар қалада жүргендіктен, балалардың сабақтан бірнеше адам болып қайтқаны қауіпсіз екені де айтылады.

"Қазір ғана менің көршім түскі бір шамасында мектептен келе жатқанда қызын екі жігіт қара көлікке салғанын айтты. Абай, 91 А мекенжайында екен. Абырой болғанда, ол көліктен секіріп кеткен",- дейді келіншек аудиохабарламада.

Бұл оқиғаға қатысты көпшіліктің пікірі екіге бөлінді. Кейбірі мәліметтің жалған екенін айтса, екіншілері шабуыл жасаушыларды тезірек анықтап, ұстау қажет екенін жеткізді. Хабарлама полиция назарына ілігіп, тәртіп сақшылары тексеріс жұмыстарын бастап кетті.

Осылайша, 12 жастағы мектеп оқушысы анасына расында да шабуыл жайлы айтқаны анықталды. Дегенмен, ол жайт ойдан шығарылған болып шықты.

"Аталған факті расталған жоқ. Үлкендердің назарын аудару үшін қыз осындай әңгіме ойлап тапқан. Құрметті ата-аналар, балаларыңызға назар аударыңыздар",- деді Екібастұз ПБ.

Полциия жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908994-kolikke-salgan-ekibastuzda-mektep-oqusysyn-urlagandar-zaily-aqparat-eldin-ureiin-tudyrdy/

pixel