АҚШ пен Қазақстан арасында визасыз режим енгізіле ме: Елші жауап берді

Опубликовано:

Әуежайдағы шабадан
Көрнекі фото: pixabay.com

Америка Құрама Штаттары Қазақстанға визасыз режим беруге әлі дайын емес. Бұл туралы Қазақстандағы АҚШ елшісі Уильям Мозер айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Менің ойымша, біздің ел визасыз режим беруге әлі дайын емес. Өйткені, бұл өте ұзақ әрі күрделі процесс. Қазіргі пандемия кезінде де визалар бойынша өте көп шектеулер бар", - деді Мозер АҚШ елшілігі ұйымдастырған онлайн дөңгелек үстелде тілші сұрағына берген жауабында.

Сонымен бірге, журналистер "Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим енгізу туралы келіссөздер болды ма?" деген сұрақ қойды.

"Әзірге Қазақстанмен визасыз режим туралы келіссөздер болған жоқ. Қазір Вашингтонда жаңа әкімшілік жұмыс істейді, мұндай сұрақтар талқылауда болады, бірақ дәл қазір әкімшілік үшін басқа мәселелер басымдықта болып отыр. Бірақ, бұл біздің келіссөздер жүргізбейтінімізді білдірмейді", - деп жауап берді АҚШ елшісі.

Айта кетейік, сауда-саттық қорытындысы бойынша бүгін теңгенің 1 долларға қатысты бағамы күрт қымбаттады.

Доллар бағамы 20 сәуірмен салыстырғанда бірден 2,10 теңгеге өскені белгілі болды. АҚШ долларының орташа бағамы 431,93 теңгені құраған. Ұлттық банктің 21 сәуірдегі ресми бағамы: 1 доллар - 429, 76 теңге.

NUR.KZ порталының арнайы парақшасындағы айырбастау бағамына сәйкес, Алматыда айырбастау пункттерінде 1 доллар 432,5-тен 434,5 теңгеге дейін сатылса, сатып алу -. 430,9 - 431 аралығын көрсетіп тұр. Ал Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 432,07 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу құны – 430,91 теңге.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909016-aqs-pen-qazaqstan-arasynda-vizasyz-rezim-ornatyla-ma-elsi-zauap-berdi/