Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде бір тәулікте 3000-ға жуық адамнан коронавирус анықталды

Жарияланған күні:

Тәжвирус және карантин
Фото: NUR.KZ

Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған 2893 адам тіркелді деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 574
  • Алматы қаласы - 695
  • Шымкент қаласы - 112
  • Ақмола облысы - 97
  • Ақтөбе облысы - 117
  • Алматы облысы - 240
  • Атырау облысы - 140
  • Шығыс Қазақстан облысы - 93
  • Жамбыл облысы - 69
  • Батыс Қазақстан облысы - 185
  • Қарағанды облысы - 225
  • Қостанай облысы - 33
  • Қызылорда облысы - 72
  • Маңғыстау облысы - 108
  • Павлодар облысы - 55
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 27
  • Түркістан облысы - 51.

Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 297 839-ға жетіп отыр.

Айта кетейік, қазір еліміздің үш қаласы мен 7 өңірі коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша "қызыл" аймақта тұр.

Олар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Қызылорда, Маңғыстау Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары.

"Сары" аймақта Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар өңірлері.

"Жасыл" аймақта Қостанай, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.

Еске сала кетсек, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазіргі вакцинацияны ескере отырып, коронавирусқа қатысты жаңа болжамымен бөліскен еді.

Оның сөзінше, оптимистік сценарий бойынша – егер вакцинация кестеге сәйкес жалғасатын болса, елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 3 мыңға дейін жетіп, сәуір айының соңында індет шарықтау шегіне жетеді деп күтілуде.

Ал реалистік сценарий бойынша – бір тәулікте инфекция жұқтырғандар 4 мыңға дейін тіркеліп, мамырдың ортасында шарықтау шегіне жетуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909114-elimizde-bir-taulikte-3000-ga-zuyq-adamnan-koronavirus-anyqtaldy/