Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Қазақстанның тағы екі өңірі "қызыл" аймаққа өтті

Опубликовано:

көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті. Оған сәйкес, Қызылорда мен Маңғыстау облыстары "қызыл" аймаққа өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

2021 жылдың 21 сәуірдегі жағдай бойынша, "қызыл" аймақта Қызылорда мен Маңғыстау өңірлерінен бөлек, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары бар.

Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар облыстары "сары" аймақта орналасқан.

"Жасыл" аймақта Қостанай, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 2696 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 294 946-ға жетіп отыр.

Сонымен қатар, бүгін үкіметтің онлайн отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазіргі вакцинацияны ескере отырып, коронавирусқа қатысты жаңа болжамымен бөлісті.

"Оптимистік сценарий бойынша – егер вакцинация кестеге сәйкес жалғасатын болса, бір тәулікте 3 мыңға дейін жұқтырғандар (коронавирус-ред.) тіркеліп, сәуір айының соңында шарықтау шегіне жетеді деп күтілуде. Реалистік сценарий бойынша – бір тәулікте жұқтырғандар 4 мыңға дейін тіркеліп, мамырдың ортасында шарықтау шегіне жетуі мүмкін", – дейді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908960-koronavirus-qazaqstannyn-tagy-eki-oniri-qyzyl-aimaqqa-otti/

pixel