Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Атырау облысында жол апатының жиілеуіне алаңдаушылық танытты

Опубликовано:

Жол апаты
Көрнекі фото: nakanune.ru

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Орал-Атырау тас жолына баса назар аударуды тапсырды деп хабарлайды Ақорда.

Бұл туралы мемлекет басшысы Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте айтты.

Оның сөзінше, аймақтағы республикалық маңызы бар жолдардың 85 пайызы және облыстық маңызы бар жолдардың 61 пайызының ахуалы орташа немесе жаман емес деуге болады. Бірақ, бұл – орташа республикалық көрсеткіштен төмен.

"Сапалы жол – қауіпсіздік кепілі. Облыста жол апатының жиілеп кетуі бәрімізді, ең алдымен, жергілікті азаматтарды алаңдатады. Былтыр өңірде 232 жол-көлік оқиғасы болды. Соның салдарынан 69 адам, соның ішінде 6 бала қайтыс болды. Мұндай ахуал жыл сайын қайталануда. Әсіресе, «Орал-Атырау» тас жолына баса назар аударған жөн", - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша өкінішке қарай, бұл жол адам өміріне үнемі қауіп төндіріп отыр. Биылғы екі ай ішінде осы жолдың бойында 7 жол-көлік оқиғасы болып, 17 адам қазаға ұшырады. Сондай-ақ, 15 адам зардап шекті. Бір ғана жол апатынан 15 бала жетім қалды.

"Бұндай жағдайға жол бермеуіміз керек. Үкімет пен өңірдегі әкімдіктердің міндеті – жол қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету. «Орал-Атырау» тас жолының аймақ үшін стратегиялық маңызы зор. Барлық жолаушы және жүк тасымалы осы жол арқылы өтеді. Автожолдың бойында көлік тұрағы жоқтың қасы. Шын мәнінде, жолдың сапасы көңіл көншітпейді. Роман Васильевич, әкімдік автомобиль жолдарын дамытуға шамамен 12 млрд теңге сұрап отырғанын білемін. Сома аз емес. Шынайы қажеттілікті тыңғылықты есептеуді және қаржыландыру мәселесін шешуді өтінемін", - деді президент үкімет басшысының орынбасары Роман Склярға.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909224-toqaev-atyrau-oblysynda-zol-apatynyn-ziileuine-alandausylyq-tanytty/

pixel