Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавируспен күрес: Президент Атырау облысына бірқатар тапсырма берді

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус инфекциясына байланысты Атырау облысына бірқатар тапсырма берді деп хабарлайды Ақорда.

Президенттің сөзінше, коронавирус індеті қайтадан өршіп, эпидемиологиялық ахуал күрделеніп барады.

"Бұл ретте, аймақтың ерекшелігін ескеріп, еңбек ұжымдарындағы ахуалға айрықша назар аудару керек. Облыс кәсіпорындарында апта сайын індет ошағы пайда болуда. Облыс әкіміне ірі өндірістік кәсіпорын басшыларымен бірлесіп, індеттің алдын-алу және онымен күрес шараларын уақтылы қабылдауды тапсырамын. Вахталық тәсілмен істейтін жұмысшылардың денсаулығын мұқият қадағалау қажет", - деді ол.

Тоқаев індеттің жаңа толқыны келгеннен бері жағдайы ауыр және өте ауыр науқастар көбейіп жатқанын жеткізді. Олардың саны соңғы бір айда екі есеге артты. Ал, емдеу мекемелерінде қажетті дәрі-дәрмек пен құрал жабдықтар әлі де жеткіліксіз екені анықталып отыр. Бұл ахуал адам өлімінің күрт өсуіне әкеп соқтыруы мүмкін.

"Білікті мамандардың тапшылығы да жағдайды ушықтырып отыр. Облыста 207 дәрігер жетіспейді. Соның ішінде, ауылдық жерлерге 52 дәрігер қажет. Облыс әкіміне емдеу мекемелерін дәрі-дәрмекпен және медициналық құралмен қамтамасыз етуді жеке бақылауға алуды тапсырамын. Сонымен қатар, анестезиология және жан сақтау бөлімдерін толық жабдықтауды, дәрігерлер тапшылығы мәселесін шешу міндетін жүктеймін", - деді мемлекет басшысы.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Онлайн форматта өткен кеңесте Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Қазақстанның экономикасын дамытуда Атырау облысының орны ерекше екенін, мемлекетіміздің алғашқы ірі инвестициялық жобалары осында жүзеге асырылғанын, ол жобалар еліміздің экономикалық және энергетикалық қауіпсіздігі үшін берік негіз қалағанын айтты. Мұнайлы өңірдің тыныс-тіршілігін, тұрғындардың әл-ауқатын әрдайым жіті назарда ұстайтынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909229-koronaviruspen-kures-prezident-atyrau-oblysyna-birqatar-tapsyrma-berdi/

pixel