Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дариға Назарбаева: Үкіметтік емес ұйымдардың елге пайдалы 303 жобасына қолдау көрсеттік

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры
Фото: Нұрсұлтан Назарбаев Қоры

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында «Мемлекет, бизнес және КЕҰ: тұрақты даму жолындағы бірлік пен әріптестіктің 30 жылы» Әлеуметтік жобалар форумы жұмысын бастады.

Онлайн-диалог түрінде жүргізілетін, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ұйымдастырған бұл ауқымды іс-шарада қазақстандық және халықаралық танымал спикерлер – коммерциялық емес ұйымдардың (КЕҰ) өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер мен меценаттар, әйгілі бренд-көшбасшылар және БАҚ өкілдері қатысуда.

Форумның бас серіктесі – Eurasian Resources Group (ERG). Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы КЕҰ (Коммерциялық емес ұйымдар) арасында аймақтық қолдау көрсетті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры форумның жұмысын ұйымдастыра отырып, қоғамдық маңызы бар өзекті мәселелерді талқылау мақсатында әр түрлі бағыттағы ұйымдарды біріктіруге, мемлекет пен КЕҰ ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етуде.

Нұрсұлтан Назарбаев қоры
Фото: Нұрсұлтан Назарбаев Қоры

Форум жұмысының бірінші күнінде Нұрсұлтан Назарбаев Қорының директоры Дариға Назарбаева, ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты өкілі Якуп Бериш, Мохаммед Бин Рашид Аль Мактума білім қорының басқарма төрағасы Джамал Бин Хувайреб, Eurasian Resources Group (ERG) Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич, АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов және басқа спикерлер қатысты.

Форум сессиялары аясында мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың экономика, әлеуметтік сала, денсаулық сақтау, білім беру салаларында өзара іс-әрекеттердің маңызды бағыттары талқыланды. Жыл сайынғы Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі аясында КЕҰ ұсынатын көптеген жобаларды талқылауға ерекше назар аударылды. Сондай жәрмеңкелердің бірі осы жылы Алматы қаласында 14-15 сәуірде өткізілді. Бірінші Әлеуметтік жобалар форумы Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің жалғасы болып табылады.

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры
Фото: Нұрсұлтан Назарбаев Қоры

Атап айтқанда, Форум спикерлері Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі сияқты алаңдардың маңыздығы туралы атап өтуде. Бұндай алаңдарда белсенді қазақстандықтардың бастамалары нақты қолдауға ие болуда.

Форумды аша отырып Дариға Назарбаева: «Форум ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерейтойы аясында өтіп жатыр. Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда тұрақты әрі қарқынды дамып жатқан үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) жүйесі қалыптасты. Қоғамды демократияландыру бағдарламасы ҮЕҰ жүйесін дамытуға айтарлықтай серпін берді.

Мұны еліміздің Тұңғыш Президенті 1998 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында айтқан болатын. Елбасы азаматтық қоғам құруда ҮЕҰ рөлін күшейту - тәуелсіз Қазақстанның демократиялануы мен дамуының басты элементі екенін атаған. Сірә, Қазақстанның үшінші секторының қызметі үнемі зерттеуді қажет етсе керек. Бұл үшін жүйелеу, жан-жақты насихаттау мен озық тәжірибені қолдану қажет. Әлеуметтік жобалар форумы өзара тығыз қарым-қатынас жасаудың тұрақты алаңы бола алады.

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры
Фото: Нұрсұлтан Назарбаев Қоры

Бүгінгі Форум Нұрсұлтан Назарбаев Қорының - әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің жалғасы болып табылады. Қор бұл іс-шараны Елбасының бастамасымен 2008 жылдан бері өткізіп келеді. Содан бері Жәрмеңкеге 15 000-нан астам үкіметтік емес ұйымдар қатысты. 303 жоба Қордың қолдауына ие болып, грант жеңіп алды».

Расымен де, 2008 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Жәрмеңкенің әр жылы жаңа жобаларды жүзеге асырумен қатар келеді. Мысалы, «Другая жизнь» қоғамдық қоры Жәрмеңкеде жеңіске жету арқылы Талдықорған қаласында аутистік спектрінде қиындықтар бар балаларға арналған сенсорлық көмек кабинетін ашты. Ал «Ангел» қоғамдық бірлестігі «Пакетам нет!» экологиялық акциясын жүзеге асыру арқылы қоршаған ортаны полиэтилен қапшықтармен ластау мәселесін шешуге Атбасар ауданындағы 12 000-нан астам тұрғынның ат салысуына мүмкіндік берді.

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры
Фото: Нұрсұлтан Назарбаев Қоры

«Белсен» әлеуметтік бастамалар орталығының «Kishkentai» атты жобасының елімізде теңдесі жоқ. Оның авторлары ойыншықтардың арнайы сенсорлық жиынтықтарын жасап шығарды. Сөйлеу және сезіну қабілетінде қиыншылықтары бар балалар солардың көмегімен денсаулығына пайдалы оң нәтижегелерге қол жеткізіп отыр.

Жәрмеңке жеңімпаздары арасында «Қостанайдың жас көшбасшылары» қоғамдық бірлестігінің Балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу орталығы, Семей қаласындағы «Сенің таңдауың» қоғамдық қорының онкологиямен ауыратын адамдарға арналған арт-терапия кабинеті және тағы басқалар бар.

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры Жәрмеңкелерінің осы және басқа да жеңімпаздары Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі адамдарға көмектесіп отыр.

Қор директорының айтуы бойынша, биыл ұсынылған жобалардың саны рекордтық деңгейге жетіп, 221-ге жетті. Өтініштердің көбі Алматы қаласынан (35), Алматы (30), Қостанай (18), Павлодар (17) және Шығыс Қазақстан (16) облыстарынан келді.

«221 жобаның ішінен ең маңызды деген 50 жобаны таңдап алған байқау комиссиясының жұмысы оңай болған жоқ. Жобаларды таңдағанда, олардың маңыздылығы, тұрақтылығы, әлеуметтік әсері, жаңашылдығы және ақпараттық жағынан ашықтығы ескерілді», - деді Дариға Назарбаева.

50 жоба авторларының ішінде кімге Нұрсұлтан Назарбаев Қорының гранты беріледі? Бұл 23 сәуір күні Әлеуметтік жобалар форумының екінші күнінде мәлім болады.

Мемлекет пен КЕҰ ынтымақтастығының тиімді мысалдарын келтіре отырып, осы тараптар арасындағы өзара іс-әрекетті ары қарай да қалыптастыру керектігін атап өткен Форум спикерлері «Мемлекет, бизнес және азаматтық қоғам: тұрақты даму мақсатындағы әріптестік» атты сессия барысында тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) жетістік көрсеткіштеріне қатысты бірқатар міндеттерді талқылады. Қазақстан өз алдына БҰҰ күн тәртібінде 2030 жылға дейін белгіленген барлық ТДМ-ға қол жеткізу жөнінде мақсат қойып отыр.

Еліміз ТДМ-ның ғаламдық индикаторларын ұлттық етіп, тиісті институттарды ашты. Қазір қазақстандық мониторинг жүйесінде 280 индикатор бар. Олардың 205-і ғаламдық, 75-і ұлттық. Спикерлер билік пен КЕҰ-ның тұрақты диалогы, ынтымақтастық механизмдерін жетілдіру, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру, халықтың әл-ауқатын жақсарту және тағы басқа индикаторлар жетістіктерінің өзегі болып саналатынын атап өтті.

Аталмыш және тағы басқа мәселелер төмендегі сессиялар шеңберінде талқыланды:

«Мемлекет, бизнес және азаматтық қоғам: тұрақты даму мақсатындағы әріптестік», «Тұрақты даму: жаһандық сын-қатерлер мен ұлттық басымдықтар», «Қазақстандағы экологиялық күнтәртіп: мәселелер мен шешімдер», «Адам құқықтарын тұрақты даму жолында жүзеге асыру», «Инновация – әлеуметтік өзгерістердің қозғаушы күші. Идеядан іске көшу».

Форумның бірінші күнінде осы және басқа да тақырыптар талқыға түсті. 23 сәуір күні басқа да маңызды мәселелер бойынша пікірталастар жүргізіледі. Сессиялардың тікелей трансляциясын www.fsp-fnn.kz сайтынан көруге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909249-dariga-nazarbaeva-ukimettik-emes-uiymdardyn-elge-paidaly-303-zobasyna-qoldau-korsettik/

pixel