Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан мен Ресейде өндірілген "Спутник V" вакцинасының айырмашылығы бар ма

Опубликовано:

Ресейлік вакцина11
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстан мен Ресейде өндірілген "Спутник V" вакцинасының айырмашылығы бар ма? Бұл сауалға денсаулық сақтау министрлігі халықты иммундау жөніндегі ұлттық консультативтік комиссиясының мүшесі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жаннат Сатыбалдиева жауап берді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Маманның сөзінше, Қазақстанда шығарылған "Спутник V" вакцинасына күмән келтіруге негіз жоқ.

"Бұл тұрғыда алаңдауға негіз жоқ. Біріншіден, вакцинаның негізгі компоненті – ол Ресейде өндірілген "Спутник V". Ал Қарағанды фармацевтикалық кешенде атқарылатын кезеңдерге тоқталсақ, флакондарға құю, бөлшектеп өлшеу мен басқа да жұмыстар қамтылған. Яғни, осының барлығы вакцинаның сапасына әсер етпейді. Бұл зауыт аккредиттелген және тиісті өндірістік тәжірибе талаптарына сәйкес келеді", - дейді Жаннат Сатыбалдиева вакцина тақырыбына арналған онлайн талқылау барысында.

Осы орайда ол аталған зауыт заманауи технологиялармен жұмыс істейтінін атап өтті.

"Бұл тұрғыда алаңдап керек емес. Себебі ол биологиялық сипаттағы дәрілік препараттармен жұмыс істеу үшін арналған. Бұл өз кезегінде коронавирусқа қарсы вакцина шығаруға лайықты кешен. Зауыт жоғары сапалы жабдықтармен қамтамасыз етілген. Сондықтан сапа бойынша ешқандай айырмашылық жоқ. Осы орайда технологиялар трансфері ескерілген және мұндай ынтымақтастыққа қолдау білдірген жөн", - дейді ғалым.

Айта кетейік, бүгін отандық вакцина QazVac-тың алғашқы партиясы аймақтарға жіберілді.

26 сәуірден бастап халыққа "QazVac" вакцинасы егіле бастайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909284-qazaqstan-men-reseide-ondirilgen-sputnik-v-vakcinasynyn-aiyrmasylygy-bar-ma/

pixel