Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құдайдың белгісі": Рамазанда аспандағы "Алла" жазуы тұрғындарды таңырқатты (фото)

Опубликовано:

Фото
Фото: KAZ.NUR.KZ

Аспанда пайда болған "Алла" деген жазуға ұқсас ерекше көрінісі желі қолданушыларының қызу талқысына түсіп жатыр. Instagram-дағы танымал парақшалардың бірінде жарияланған суретте бұлттар арасынан "Алла" деген арабша жазуды анық көруге болады. Десе де көпшіліктің "айрықша құбылысқа" қатысты пікірі қақ жарылған. Олардың бірі "Құдайдың белгісі", "Алла ұлық" деп жатса, енді бірі "Жай ғана бұлттар, шу шығарудың қажеті жоқ" дейді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

kris.p.online паблигінде пайда болған суретке, автор: "Алматы облысы, Ново-Алексеевка" деген қысқа ғана жазба қалдырған.

Автордың желіге суретті жүктегені сол еді, бұл құбылыс оқырмандардың қызу талқысына түскен. Желі қолданушыларының кейбірі мұндай көріністі қасиетті Рамазан айындағы Жаратушының адамзатқа берген белгісі деп санаған.

"Аспанда бекерден-бекер ондай жазба шықпайды ғой, Алла деген жазуды анық көріп тұрмыз, сондықтан құдайдың белгісі деп қабылдаңыздар", "Ғажап көрініс", "Құдайдың құдыреті", "Осыдан кейін Алланың құдыретіне қалай сенбейміз?", "Қасиетті Рамазан айынжа көрсетіп тұрған Алла ұлық", - деген сынды пікірлер көптеп кездеседі.

Ал желі қолданушыларының кейбірі, "айрықша көріністен тек қарапайым бұлтты ғана көріп тұрмыз" деген пікірде қалған.

Сондай-ақ олар көпшілікке "жоқ жерден шу шығарып, тылсым күшке сенудің қажеті жоқ" деп жазуда.

Олар: "Жай ғана бұлттың суреті", "Осындай болмайтын дүниеден шу шығарасыздар", "Кәдімгі аспан, кәдімгі бұлт, ерекше ештеңе көріп тұрған жоқпын", "Алланың барын бұлтсыз-ақ білеміз" , "Әрине қателесуім де мүмкін, бірақ жай бұлт сияқты", "Тылсым күшті өздеріңіз ойлап тауып отырсыздар, ғажайып құбылыс емес, қарапайым бұлт қой", -деген пікірлерін жаудырып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909341-qudaidyn-belgisi-ramazanda-aspandagy-alla-zazuy-turgyndardy-tanyrqatty-foto/

pixel