Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Басшылар өздері карантинге кетсін": Семейде кәсіпкерлер бас санитар қаулысына қарсы шықты

Опубликовано:

Фото
Видеодан кадр: 31 арна

Семейлік кәсіпкерлер шектеу шараларын жеңілдетуді өтініп әкімдік алдында жиналды. Күшіне енетін қаулыға қайта өзгертулер мен толықтырулар енгізуді талап еткен олар, облыстың бас санитар дәрігерінің соңғы қаулысымен келіспейтіндерін жеткізді деп хабарлайды 31 арна.

Телеарна мәліметінше, үш күн бұрын "қызыл" аймаққа енген Семей қаласында тағы да шектеулер, тағы да карантин күшейтулер енгізілген.

Жаңа қаулы қаладағы шағын және орта бизнес өкілдері мен кәсіпкерлерге ұнамаған.

Жетпістен аса қала тұрғыны қолайсыз ауа райына қарамастан әкімдік алдына жиналып, қаулыдағы қатаңдату шараларына келіспейтіндіктерін жеткізді. Себебі олар онсыз да банкрот болудың аз - ақ алдында тұрғандарын айтады.

Жаңа қаулымен келіспейтіндердің бірі мейрамхана қызметкері Ермек Жүрсінбаев. Ол таңғы тоғыздан кешкі сегізге дейінгі аралықта жұмыс істеу тиімсіз екенін білдірді. Себебі күндіз мейрамхана әркез бос тұрады деп отыр.

"Біздің басшылардың өздерін карантинге жіберуді ұсынамын. Саясаткерлер, шенеуніктер жалақысыз отырып көрсін. Жарты жыл, бір ай, тіпті екі апта сол кезде бәріміз отырып сөйлесеміз. Әйтпесе мемлекет бізді тыңдамайды. Мейрамханалар, ойын-сауық мекемелері заңды бұзушылар сияқты көреді", - деді мейрамхана қызметкері.

Жиналғандардың көбін қаланың бас санитарлық дәрігері мен қала әкімі өз қабылдауына кіргізіп, арыз-шағымдарын тыңдаған.

"Облыстық Бас санитардың қаулысы болғаннан кейін қаулыны біз орындауға міндеттіміз. Қаулы жиырма үшінші сәуір ертеңнен бастап күшіне енеді. Онда үшінші мамырға дейін деп көрсетілген. Сондықтан ертеңнен бастап сол қаулыны талаптарын орындалуын біз қадағалайтын боламыз", - деді Семей қаласының бас санитар дәрігері Берік Тілебалдин.

Қаулының күшін жоюға құқымыз жоқ деген қаланың бас санитары, кәсіпкерлерді тыңдадық, олардың арыз тілектерін жоғарыға жеткізіп, алдағы бір аптада жауабын айтамыз деп уәде берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909364-bassylar-ozderi-karantinge-ketsin-semeide-kasipkerler-bas-sanitar-qaulysyna-qarsy-syqty/