Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арбатта қыдыруға тыйым салынды: Бекшин жаңа қаулыға қол қойды

Опубликовано:

сурет Арбат Астана 5
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Оңтүстік астананың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин бұрынғы қаулыға өзгеріс енгізді. Бұл туралы Алматы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлайды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жаңа қаулыда Бекшин қала аумағына Ashyq жобасын енгізуді жалғастыруды тапсырған. Сондай-ақ, "сары" және "қызыл" статусы бар азаматтар анықталған нысандар жобадан шығарылатынын атап өткен.

Сонымен қатар, бас санитар дәрігер кейбір нысандарға маска режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат беріп отыр.

Олардың қатарында гүл дүкендері, фотосалондар, байланыссыз қызметтердің барлық түрлері (көлік жуу, жөндеу шеберханалары, химиялық тазалау және т.б.), туристік компаниялар мен бизнес-орталықтар, дәріханалар мен медициналық ұйымдар, хайуанаттар парктері, мұражайлар мен кітапханалар бар.

Алайда Ashyq жобасының қатысушыларын қоспағанда театрлар мен кинотеатрларға, сондай-ақ концерт залдары мен филармонияларға жұмыс істеуге рұқсат жоқ.

Сонымен бірге жаңа қаулыға сәйкес, алматылықтарға Арбат бойымен Абылай хан көшесінен Назарбаев көшесіне дейін серуендеуге тыйым салынады.

Айта кетейік, қаулыда барлық сауда нысаны мен қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс кестесі де көрсетілген.

Ал қоғамдық көлікке келсек, маска режимін сақтаған жағдайда штаттық кестеге сай жұмыс істей алады.

Сондай-ақ, бас санитар дәрігер қалалық компанияларға қызметкерлердің 80 пайызын қашықтан жұмыс істеуге ауыстыруды ұсынып отыр.

Қаулы 24 сәуір күні күшіне енеді. Құжаттың толық нұсқасымен мына сілтеме арқылы таныса аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909473-arbatta-qydyruga-tyiym-salyndy-beksin-zana-qaulyga-qol-qoidy/

pixel