Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алексей Цой тікелей эфирде қазақстандық QazVac вакцинасын салдырды (фото)

Опубликовано:

Алексей Цой
Фото: primeminister.kz

Денсаулық сақтау министрі қазақстандық QazVac вакцинасын салдырды. Осылайша ол халықты коронавирусқа қарсы отандық дәрімен иммунизациялау науқанын бастады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бүгін сағат 9:45-те 9-шы емханада Алексей Цойға коронавирусқа қарсы қазақстандық QazVac вакцинасы салынды. Ол министрлер кабинетінің мүшесі ретінде алғашқылардың бірі болып аталмыш препаратты өзіне салдырды. Бұған дейін бұл вакцинаны әзірлеу кезеңінде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзіне салдырған болатын.

Цой
Кадр: 24.kz

Тілшінің хабарлауынша, клиникаға аталмыш препараттың 300 дозасы жеткізілген. Вакцина салынбас бұрын министрді дәрігерлер тексеріп, вакцинацияға рұқсат берді. Флаконда бір адамға арналған бір реттік вакцина болды. Иммундау процесі Sputnik V-мен бірдей - яғни укол иыққа салынады. Айырмашылығы - бір ампула бір адамға ғана арналған, ал ресейлік вакцинаның бір ампуласын 5 адамға салуға болады.

Цой
Кадр: 24.kz

Вакцинаны салдырғаннан кейін укол салынған орынға су тигізуге болмайды, бір сағаттан кейін дене қызуын түсіретін дәрі ішу керек. Вакцинациядан кейін министр медициналық персоналдың бақылауында жарты сағат болды. Денсаулығы туралы сұрағанда, ол өзін қалыпты сезінгенін алға тартты. Цой қазақстандық вакцинаны салуға арналған басқа алаңдар да қарастырылып жатқанын атап өтті.

"Қазір әр аймақтың нақты кестелері бар, вакцина Батыс Қазақстанға келді және жаңа партия күн сайын немесе екі күнде жеткізіліп отырады, тапшылық болмауы керек. Азаматтар вакцинаның қауіпсіз екеніне көз жеткізді. Бүгін әрбір 20 қазақстандық вакцинадан өтті, қарқын жақсы, біздің міндетіміз - мүмкіндік беру. Азаматтар вакцина салу оқшауланудан шығудың жалғыз жолы екенін түсінеді", - деді Цой.

Иммуннизациялау процесі "Хабар 24" телеарнасында, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook-тегі ресми аккаунты арқылы тікелей эфирде көрсетілді.

COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК ресми Telegram-каналында жария еткен мәліметке сенсек, қазақстандық вакцина арасына 21 күн салып, 2 рет егіледі. Инактивацияланған вакцинаның өзі химиялық заттармен залалсыздандырылған вирус негізінде жасалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909629-aleksei-coi-tikelei-efirde-qazaqstandyq-qazvac-vakcinasyn-saldyrdy-video/

pixel