Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қауіпті індет: Қазақстанның неше өңірі "қызыл" аймақта

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.kZ

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

2021 жылдың 26 сәуірдегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстары "қызыл" аймақта тұр.

"Сары" аймақта Шымкент қаласы, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, облыстары орналасқан.

Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстары "жасыл" аймақта.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 2716 адам тіркелді. Олардың дені Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 309 116-ға жетіп отыр.

Сонымен қатар, үкіметтің онлайн отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазіргі вакцинацияны ескере отырып, коронавирусқа қатысты жаңа болжамымен бөлісті.

"Оптимистік сценарий бойынша – егер вакцинация кестеге сәйкес жалғасатын болса, бір тәулікте 3 мыңға дейін жұқтырғандар (коронавирус-ред.) тіркеліп, сәуір айының соңында шарықтау шегіне жетеді деп күтілуде. Реалистік сценарий бойынша – бір тәулікте жұқтырғандар 4 мыңға дейін тіркеліп, мамырдың ортасында шарықтау шегіне жетуі мүмкін", – дейді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909647-qauipti-indet-qazaqstannyn-nese-oniri-qyzyl-aimaqta/

pixel