Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Берік Шәріпке заңсыз қару сақтады деген айып тағылды

Жарияланған күні:

қару
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Нұр-Сұлтандағы Есіл сотының онлайн-отырысында "СҚ-Фармацияның" бұрынғы басшысы Берік Шәріптің ісі бойынша алғашқы сот отырысы өтіп жатыр - айыптаушы тарап ұсынған баптардың біріне сәйкес, оған заңсыз қару сақтады деген айып тағылуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"СҚ-Фармацияның" бұрынғы басшысы Қылмыстық кодекстің 361-бабы, 4-бөлігі, 3-тармағы және 287-бабының 2-бөлігі бойынша айыпталуда. 287-баптың 2-бөлігі - "Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру".

Прокурор Дастан Күпербаев 2020 жылдың тамызында Берік Шәріптің пәтерін тінту кезінде қару - травматикалық патрондары бар өзін-өзі қорғау тапаншасы табылғанын мәлімдеді. Шәріптің бұл қаруды қолдануға және сақтауға рұқсаты болмаған.

Прокурор Шәріптің тапаншаны 2006 жылы басқа қызметте жұмыс істеп жүргенінде алғанын айтуда, 2006-2008 жылдары ол Оңтүстік Қазақстан облысында тұрған және денсаулық сақтау департаментінде жұмыс істеген. Ал қаруды Шымкент қару-жарақ дүкенінен алғаны анықталып отыр.

Ұңғысыз атыс қаруы қызметтік қаруға жататындықтан, заңды және жеке тұлғаларға оларды сақтау және алып жүру үшін ішкі істер органдарының рұқсатын алу қажет - Шәріпте ондай рұқсат болмаған, ол қаруды тапсыруға міндетті болған.

"Аталмыш атыс қаруын сақтауға және алып жүруге тиісті рұқсаты болмағанына қарамастан, Шәріп 2006 жылдың тамызынан 2020 жылдың тамызына дейін ұңғысыз "Стражник" үлгісіндегі өзін-өзі қорғау тапаншасын заңсыз сақтады. Қабанбай батыр 48 мекенжайында орналасқан Нұр-Сұлтандағы пәтерде тінту кезінде аталмыш өзін-өзі қорғау тапаншасы, сондай-ақ 4 травматикалық патрон және 1 атылған патронның гильзасы табылды", - деді прокурор.

Сондай-ақ, оның айтуынша, 2014 жылдан бастап Шәріп тегіс ұңғылы қарудың тағы 2 бірлігінің иесі болып табылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909682-berik-sarip-zansyz-qaru-saqtady-dep-aiyptaldy/