Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Байқошқарова коронавирусқа қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер ететінін айтты

Опубликовано:

Вакцина салу
Көрнекі сурет: pexels.com

Қазақстандағы репродуктологияның негізін қалаушы Салтанат Байқошқарова вакцинациялану жүктілікке қалай әсер ететіні туралы сұрақтарға жауап берді деп хабарлады Almaty.tv.

Оның айтуынша, вакцина салдырғаннан кейін денеден тыс ұрықтандыруға қабылдамайды деген ақпарат жалған.

"Керісінше мамандарымыз бірінші вакциналаудан өтіп, жүктілікті содан кейін жоспарлауды қолдайды. Жүктілік кезінде вирустық аурулармен ауыру ананың және іштегі баланың денсаулығы мен өміріне қауіпті болуы мүмкін. Ал вакцина салдырғаннан кейін пайда болған иммунитет бұл қауіпті едәуір төмендетеді", - дейді Салтанат Байқошқарова.

Ол жүктілікті вакцина қабылдаған соң бір айдан кейін жоспарлауға болатынын атап өтті. 

"Вакциналау бедеулікке әкеп соқтырады деген де жалған ақпарат. Вакциналау ер адамның да, әйел адамның да бедеулігіне алып келмейді. Керісінше жүктіліктің алдында егілген вакцина оның қиындықсыз өтуіне септігін тигізеді", - деп түйіндеді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909796-baiqosqarova-koronavirusqa-qarsy-vakcina-zuktilikke-qalai-aser-etetinin-aitty/

pixel