RU

Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандардың саны азая бастады

Дәрігерлер11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған 2284 адам тіркелді деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 294
  • Алматы қаласы - 689
  • Шымкент қаласы - 35
  • Ақмола облысы - 146
  • Ақтөбе облысы - 65
  • Алматы облысы - 264
  • Атырау облысы - 55
  • Шығыс Қазақстан облысы - 68
  • Жамбыл облысы - 57
  • Батыс Қазақстан облысы - 91
  • Қарағанды облысы - 250
  • Қостанай облысы - 26
  • Қызылорда облысы - 52
  • Маңғыстау облысы - 28
  • Павлодар облысы - 87
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 26
  • Түркістан облысы - 51.

Айта кетейік, өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 26 сәуірдегі статистикамен салыстырғанда төмен. Бұған дейін 2716 адамнан COVID-19 анықталған еді.

Сонымен қатар өткен тәулікте 2494 адамның індеттен жазылғаны белгілі болып отыр.

Жалпы қазір елімізде 42 260 адам коронавирустан емделуде, олардың ішінде 14 785 пациент стационарда, 27 475 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

756 адамның жағдайы ауыр, 179 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 110 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Ал COVID-19 белгілері бар пневмониямен ауырғандар келсек, 25 сәуірдегі мәлімет бойынша аталмыш диагноз 12 адамға қойылып, 7 жағдай өліммен аяқталған. 55 адам жазылып шыққан.

Жалпы 2020 жылдың 1 тамызынан бүгінге дейін COVID-19 белгілері бар пневмониямен 52 471 адам ауырып, 782 науқас қайтыс болған. 51 290 пациент ауруынан айыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909813-700-ge-zuyq-almatydan-elimizde-bir-taulikte-koronavirus-zuqtyrgandardyn-sany-belgili-boldy/