"Аяусыз соққыға жығады": Ақтауда сотталған азаматтардың туыстары көмек сұрап отыр

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Ақтаудағы 172/6 түзету мекемесінде жазасын өтеушілердің туыстары абақтыда отырғандарға зорлық көрсетіліп жатқанын жеткізді. Олардың сөзінше, сотталған азаматтарды түрме қызметкерлері аяусыз соққыға жығады. Бұл фактіге қатысты мекеме басшылығы пікір білдірді деп хабарлайды 31 арна.

Туыстарының айтуынша, темір торда отырған жақындары абақты қызметкерлері мазақ етіп, зорлық көрсетіп адами құқықымызды таптады деп шағымданған.

Осы орайда сотталушылардың туыстары жазасын өтеп жатқан азаматтар жазасын тыныш өтесін, ешқандай қанау, зорлық-зомбылық болмасын деп отыр.

"Менің сұрайтыным сол", - дейді жазасын өтеушінің туысы Тілектес Асылбекқызы.

Бұл шағымына қатысты жауап берген түрме басшылығы түзету мекемесіне қатысты қоғамдық бақылау комиссиясы қазір жеті сотталушының арызы бойынша тексеріс жүргізіп жатқанын мәлім етті.

"Абақтыға жүргізіліп жатқан тексеріс бір аптадан соң аяқталады. Егер түрмедегі ұрып-соғу расталса зорлық көрсеткендер бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Егер жазасын өтеушілер жалған ақпарат берген болса, тиісті рақымшылықтан айырылады", - дейді 172/6 түзету мекемесі басшысының орынбасары Азат Садуов.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қазақстан түрмелерінде бір жылда ондаған адам өзіне қол салмақ болғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909869-ayausyz-soqqyga-zygady-aqtauda-sottalgan-azamattardyn-tuystary-komek-surap-otyr/